Мазмұнға өту

Жаңа

Кітапханадағы кездесу

А.ж. 2 ақпанда  «М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы» КММ ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және  құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын  қалыптастыру  мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-дәріс өтті. Дәрісті Департаменттің бас маманы  С. Беккажанова өткізді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Департамент госслужбы

0
0
395

Ақмола облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М.Искакованың қатысуымен Ақмола облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілеріне арнап 2017 жылдың 1 жартыжылдығында өтіп жатқан «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды.Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жау…

0
0
810

Мемлекеттік қызметтегі басқару мәдениеті және этика

А.ж. 31 қаңтарында Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалиновтың қатысуымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған дәріс-әңгімелесу өтті.

Б.Беспалинов «Мемлекеттік қызметте басқару мәдениеті және этиканың рөлі және орны» тақырыбына дәріс-әңгіме өткізді. Дәріске 19 мемлекеттік қызметші қатысты. Әңгімелесу барысында аталған тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік беретін ашық сұхбат алаңы құрылды.

Департамент госслужбы

0
0
709

Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру туралы

А.ж. 31 қаңтарында Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жайықбаевтың қатысуымен жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың заң қызметінің басшылары және мамандарына арналған дәріс-сабақ өтті. Е.Жайықбаев «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру» тақырыбына дәріс оқыды. Дәріске 30 мемлекеттік қызметші қатысты. Дәріс барысында аталған тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік беретін ашық сұхбат алаңы құрылды.
Департамент госслужбы

0
0
813

Жұмыс ұжымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

А.ж. 30қаңтарда Департаменттің сыбайлас жемқорықтың алдын алу басқармасының қызметкері М. Ахметқалиев «КөкшеЖардем» ШЖҚ МКК жұмыс ұжымымен кездесу өткізді.Кездесу барысында еңбек ұжымына 2015-2025 жылдарға арналға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдарына енгізілген жаңалықтар, Ұлт жоспарының кәсіби мемлекет құруға бағытталған 15 қадамы және 13 қадамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, соның ішінде жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше мән беретіндігі жөнінде, сонымен қатар, сыбайластықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы түсіндірді. Іс-шараның қорытындылары бойынша қатысушылар қоғамның барлық әлеуметтік топтарыны…

0
0
243

Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру

А.ж. 25 қаңтарда Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С. Беккажанова Көкшетау қ. №3 және №4 орта мектептерінде Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстарымен  және «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысымен және «Парасатты азамат» бұрыштарымен танысты. №3 орта мектепте «Адал Ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі аспектілері, «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысы, Депатаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қызметі  туралы  әңгіме өрбіді.
Департамент госслужбы

0
0
1277

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңыздылығы

А.ж. 24 қаңтарда Департаменттің сыбайлас жемқорықтың алдын алу басқармасының қызметкері М. Ахметқалиев «Су арнасы» ШЖҚ МКК жұмыс ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында еңбек ұжымына 2015-2025 жылдарға арналға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдарына енгізілген жаңалықтар, Ұлт жоспарының кәсіби мемлекет құруға бағытталған 15 қадамы және 13 қадамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, соның ішінде жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше мән беретіндігі жөнінде, сонымен қатар, сыбайластықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы түсіндірді. Іс-шараның қорытындылары бойынша қатысушылар қоғамның барлық әлеуметтік топтарыны…

0
0
490

Жақында НАРТӘУЕКЕЛДІ бітірдім

Мен өзім көп оқитын жан емеспін, бірақ осы жолы жағдайларға байланысты көп кітап оқу жағын қайтадан бастамақпын. Кітапханаға барғанда біраз уақыт бойы кітап таңдай алмай жүдім, бір кітапты қолыма алып қарағанда маған жылы көрінді. Сол себепті болса керек осы кітапты аяқтап біткенде ішімнен осы романның жалғасы бар ма екен дедім. Бұл жазушы Мәди ХАСЕНОВтың "Нартәуекел" романы. Беттерін алғаш ашқанда өзімді күштеп оқып жатқандай сезінгенім рас, бірақ оқи келе өте қызықты болып шықты. Ондағы совхоз өмірі, біздің еліміздің дамып келе жатқан шақтары суреттеледі. Сонымен бірге ауыл өмірін көркейтіп бірлесе жұмыс жасау, жағымсыз кейіпкерлердің кесдесуі де баян етіледі. Өзіме қатты әсер еткен студент шақтағы мөлдір махаббат, кейіпкер өмірінде өздерін өкіндіретін оқиғалары. Бәрі - бәрі осы романда…

2
0
767

Біз білетін тілімізбен мақтануымыз керек

Мен өмірімде көп нәрселерге қызығушылық танытпайды екенмін. Бұны түсінгенім 1- курс студенті атанған шағымда. Сол бір жанның арқасында кітап оқуды бастадым. Әдеби көркем шығармаларды. Кем дегенде оншақты кітап оқысамда оны мен мақтан тұта алмайды екенмін. Солай күндер өте келе мен ағылшын тіліне қызығушылығым арта бастады. Бірақ 3 ай немесе 1 жылдың ішінде керемет ауыз толтырып айта алатындай меңгерген де жоқпын. Есесіне әлі күнге дейін үйреніп келемін. Алғашқыда әріп жаттап, ағылшын ертегілерін аударып жүрдім. Кейіндері "English for business men" атты кітабы қолыма тиді. Қазір осы кітапты жақсы меңгеруге тырысып жатырмын, тілімде жаттығып қалды. Бұл кітаптың көп көмегі тиді. Және мен бұнымен тоқтап қалғым келмейді, әрі қарай қытай тілін үйрену жоспарда бар. Дегенмен мақтанған адамдай көр…

2
1
490

Стандартты сұлулық кімге керек?

Жапсырылған кірпік. Екі метр тырнақ. 5000 теңге. Болды. Әп-сәтте сұлусың. «Сұлулық әлемді құтқарады» деген тамаша тіркесті Достоевский мырза Қыз Жібек пен Ақжүністей аруларға айтты-ау деймін, әйтпесе қазіргі сұлулықтың символдарына қарап тұрып сұлулық әлемді құтқара ма, әлде әлем сұлулықты құтқарып жүр ме түсінбейсің. Көшеге шыққанда көзіңе түсетін қыздардың 80%-ы бір зауыттан шыққандай біп-бірдей боп жүретіні сәйкестік немесе өздері қалыптастырған сұлулық стандартының жемісі. Әйтсе де миллион қыздың талғамының тура бір жерден шығуы таңғажайып дүние, сондықтан екінші нұсқа сәл ақылға қонымдырақ. Осы жерден толығырақ. Сыртқы сұлулықтың стандарты қалай пайда болды? Кім қалыптастырды? Еліктеу деген «тамаша» қасиет еске түседі осындайда. Әдемі, тартымды қыздардың жасаған «процедураларын» басқ…

1
1
1417