Жұмыс ұжымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
А.ж. 30қаңтарда Департаменттің сыбайлас жемқорықтың алдын алу басқармасының қызметкері М. Ахметқалиев «КөкшеЖардем» ШЖҚ МКК жұмыс ұжымымен кездесу өткізді.Кездесу барысында еңбек ұжымына 2015-2025 жылдарға арналға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдарына енгізілген жаңалықтар, Ұлт жоспарының кәсіби мемлекет құруға бағытталған 15 қадамы және 13 қадамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, соның ішінде жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше мән беретіндігі жөнінде, сонымен қатар, сыбайластықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы түсіндірді.
Іс-шараның қорытындылары бойынша қатысушылар қоғамның барлық әлеуметтік топтарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейінің және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру қажеттіліг жөніндегі бірегей пікірлерін білдірді.
