Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру туралы

А.ж. 31 қаңтарында Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жайықбаевтың қатысуымен жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың заң қызметінің басшылары және мамандарына арналған дәріс-сабақ өтті. Е.Жайықбаев «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру» тақырыбына дәріс оқыды. Дәріске 30 мемлекеттік қызметші қатысты. Дәріс барысында аталған тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік беретін ашық сұхбат алаңы құрылды.
Департамент госслужбы

0
0
752

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру туралы - Yvision.kz