Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біз білетін тілімізбен мақтануымыз керек

Мен өмірімде көп нәрселерге қызығушылық танытпайды екенмін. Бұны түсінгенім 1- курс студенті атанған шағымда. Сол бір жанның арқасында кітап оқуды бастадым. Әдеби көркем шығармаларды. Кем дегенде оншақты кітап оқысамда оны мен мақтан тұта алмайды екенмін. Солай күндер өте келе мен ағылшын тіліне қызығушылығым арта бастады. Бірақ 3 ай немесе 1 жылдың ішінде керемет ауыз толтырып айта алатындай меңгерген де жоқпын. Есесіне әлі күнге дейін үйреніп келемін. Алғашқыда әріп жаттап, ағылшын ертегілерін аударып жүрдім. Кейіндері "English for business men" атты кітабы қолыма тиді. Қазір осы кітапты жақсы меңгеруге тырысып жатырмын, тілімде жаттығып қалды. Бұл кітаптың көп көмегі тиді. Және мен бұнымен тоқтап қалғым келмейді, әрі қарай қытай тілін үйрену жоспарда бар. Дегенмен мақтанған адамдай көрінгім келмейді. Себебі өз ана тіліңе жететін тіл бар ма бұл әлемде. Бұны көпшілігіміз білетін ақын, жазушылар шығармаларынан оқып та жүрміз. Біз білетін тілімізбен мақтануымыз керек.

2
1
442

Осы тақырып бойынша

Біз білетін тілімізбен мақтануымыз керек - Yvision.kz