Мемлекеттік қызметтегі басқару мәдениеті және этика
А.ж. 31 қаңтарында Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалиновтың қатысуымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған дәріс-әңгімелесу өтті.
Б.Беспалинов «Мемлекеттік қызметте басқару мәдениеті және этиканың рөлі және орны» тақырыбына дәріс-әңгіме өткізді. Дәріске 19 мемлекеттік қызметші қатысты. Әңгімелесу барысында аталған тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік беретін ашық сұхбат алаңы құрылды.

