Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру
А.ж. 25 қаңтарда Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С. Беккажанова Көкшетау қ. №3 және №4 орта мектептерінде Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстарымен және «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысымен және «Парасатты азамат» бұрыштарымен танысты. №3 орта мектепте «Адал Ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі аспектілері, «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысы, Депатаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қызметі туралы әңгіме өрбіді.
