Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңыздылығы

А.ж. 24 қаңтарда Департаменттің сыбайлас жемқорықтың алдын алу басқармасының қызметкері М. Ахметқалиев «Су арнасы» ШЖҚ МКК жұмыс ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында еңбек ұжымына 2015-2025 жылдарға арналға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,                           «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдарына енгізілген жаңалықтар, Ұлт жоспарының кәсіби мемлекет құруға бағытталған 15 қадамы және 13 қадамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, соның ішінде жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың  алдын алуға  ерекше мән беретіндігі жөнінде, сонымен қатар, сыбайластықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы түсіндірді.

Іс-шараның қорытындылары бойынша қатысушылар  қоғамның барлық әлеуметтік топтарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейінің және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру қажеттіліг жөніндегі бірегей пікірлерін білдірді.
Департамент госслужбы

0
0
438

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңыздылығы - Yvision.kz