Етегі желкілдеген жеңге & Жәке, Мәке, Сәке, Бәкелер
Қарымсақ ауылы. Сырт көрінісі өзгеше. Қырыққа жуық сырлы, майлы бояумен боялған аппақ үйлер. Бір қарағанда облыс орталығынан аумайды. Көшенің әр жері қиыршық тастардан қаланған жолдар. Ол аз дегендей мәдениет үйінің өзі қандай. Бұл да бір ауыр жұмыс. Оны басқаратын Жағымпаз Жалқаубайұлының өзі бір төбе. Мәке мен Сәкелерін айтсайшы. Соларға жағынып жүріп, ананы сұрайды, мынаны сұрайды. Әйтеуір бір тоймайды. Бұрынғыдай емес пошымы да өзгерген. Білінбей тұратын белі де, үлкен қарынға айналған. Тіпті десең, түр әлпетіне дейін нәр алып, екі борбайы ұрттай болып ісіп кеткен. Ісіп кеткені былай тұрсын, жәй ғана денесінің кей жерлерін май басқан. Жүрісін айтсайшы. Сымдай иірілген денесімен тіп – тік жүретін ол, қазір болса аяғын талтаңдай басып, екі қолы екі жаққа елек – елек ететін болыпты. Бұл…