Жақында НАРТӘУЕКЕЛДІ бітірдім
Мен өзім көп оқитын жан емеспін, бірақ осы жолы жағдайларға байланысты көп кітап оқу жағын қайтадан бастамақпын. Кітапханаға барғанда біраз уақыт бойы кітап таңдай алмай жүдім, бір кітапты қолыма алып қарағанда маған жылы көрінді. Сол себепті болса керек осы кітапты аяқтап біткенде ішімнен осы романның жалғасы бар ма екен дедім. Бұл жазушы Мәди ХАСЕНОВтың "Нартәуекел" романы. Беттерін алғаш ашқанда өзімді күштеп оқып жатқандай сезінгенім рас, бірақ оқи келе өте қызықты болып шықты. Ондағы совхоз өмірі, біздің еліміздің дамып келе жатқан шақтары суреттеледі. Сонымен бірге ауыл өмірін көркейтіп бірлесе жұмыс жасау, жағымсыз кейіпкерлердің кесдесуі де баян етіледі. Өзіме қатты әсер еткен студент шақтағы мөлдір махаббат, кейіпкер өмірінде өздерін өкіндіретін оқиғалары. Бәрі - бәрі осы романда көркем әдеби тілмен жазылған. Мен сіздерге егер бос уақыттарыңыз болса осы туындыны оқып шығуға кеңес берер едім.
