Кітапханадағы кездесу
А.ж. 2 ақпанда «М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы» КММ ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-дәріс өтті. Дәрісті Департаменттің бас маманы С. Беккажанова өткізді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар мен түсініктемелер берілді.

