Мазмұнға өту

Жаңа

Бір қадам алға...

Елбасы Жолдауының аясында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін дамыту перспективалары туралы а.ж. 7 ақпанда Көкшетау қ. Гуманитарлы-техникалық академиясында студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам, депутаттар сөз қозғады. Студенттердің алдында сөйлеген сөздерінде кездесуді ұйымдастырушылар Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында қоғам алдында, сонымен қатар, жас мамандардың алдында жаңа басымдықтарды белгілеп бергенін атап өтті. Әңгіме өнеркәсіптің нақты секторларының, сонымен қатар еңбек нарығының, бизнес ортаның дамуын көздейтін экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы жайында өрбіді. Алайда, Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиевтің пікірі бойынша, Жолдаудың…

0
0
603

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Елбасы Жолдауын жүзеге асыру ісіне қосылуға әзір

А.ж. 7 ақпанда Департамент басшысының оынбасары Е.Жайықбаев мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 ж. 31 қаңтардағы Жолдауы арқылы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің I, II және III курс студенттерімен кездесті. Кездесу Ақмола облысының жастар саясаты басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды және оған Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Т.Ысқақов қатысты. Конституциялық реформалар – бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға және дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың логикалық жалғасы. Бұл – «дөңгелек үстел» басына жиналған спикерлердің басты тезисі. Елбасының Қазақстан халқы…

0
0
506

Жаныма ыстық туған өлке

Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы «Ауылым» әнінен: Жайлап отыр менін ауылым, Алатаудың сол бір бауырын. Туып өстім сенде, есейдім, Алаулатып жастық жалынын. Осы жолдар менің бал дәурен балалық шағымның куәсі, жұмағымның қай жерде екенін көз алдыңызға елестететініне сенімдімін. Иә... ол дәл аласармас Алатаудың бауырындағы «Майбұлақ» емес, менің кеудемдегі жүрегіммен тұтасып кеткен барша қан тамырларымның бұлағы. Майбұлақ менің кіршіксіз сәбилігімнің, шат-шадыман кейіптегі балалығымның, аласармас арман қалыптастырған ересек шағымның себепкері, дәнекері, куәгері. Ауылымның атауы бір оқылғанда мағынасы сізге аса қатты түсінікті болып көрінетініне шүбә келтірмеймін. Бірақ... бірақ сіздер қатты қателесіздер. Балалық шақта достарыммен аңыз етіп айтатын бұлақтар ауыл маңында әлі де бар. Бірақ май…

-2
0
1693

Туған Талдыкөлім

Шымкенттіктер жасыл бауымен, төгілген жеміс-жидегімен мақтанады. Тараздықтар терең тарихымен, Маңғыстаулықтар киелі мекенімен, Алматылықтар асқар тауларымен кеудесін қағады. Құдай әркімге табиғатты бөлген кезде біздің Атырау ауырып қалды ма, әлде кешігіп барды ма білмеймін, бар сұлулықтан кенде қалған. Не жасыл бауы жоқ, асқар тауы жоқ, терең көлі жоқ, ең болмаса төбе-белі жоқ. «Толағай боп туылмадым, әттең-ай, Атырауға әкелер ме ем бір тауды». Иә, мен Толағай емеспін. Мен Айманмын. Кәдімгі Айман. Атырау облысының, Махамбет атты ауданының Талдыкөл деген кішкентай ғана ауылынан шыққан Айман. Ес білгелі осы ауылдамын. Біздің үйде менен басқаның бәрі келімсектер. Яғни көрші ауылдан көшіп келгендер. Жалғыз мен Талдыкөлде туылғам. Бірақ мен туылғанда Талдыкөл емес еді. Ескіше аты Редут болатын…

0
0
1655

Қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаған 2 азаматты құрықтады

Ағымдағы жылдың ақпан айының 06-10 күндері өткізіліп жатқан «Транзит» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаудың, сатудың 2 дерегін анықтады. 2017 жылғы 07 ақпанда Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері салмағы 49,48 гр.-ды құрайтын «марихуана» есірткі затын 10000 теңгеге сатпақ болған 1974 жылы туылған азаматты ұстады. Сонымен қатар, аталған азаматтың үйін тексеру барысында 2 газет қиындысына оралған жасыл түсті, ерекше иісі бар затты анықтады. Сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша 0,13 гр.-ды құрайтын «марихуана» екендігі белгіленді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі және 297-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қо…

0
0
476

2017 жылы 21 мыңнан астам жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған жас қазақстандық жұмысшы кәсіптерге тегін оқи алады

Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы туралы және жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жайлы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Біржан Нұрымбетов, сөз басында, жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында (әрі қарай – бағдарлама) келесі мәселелерге көңіл бөлінгенін жеткізді: сұранысқа ие кәсіптер мен кәсіпкерлік қағидаттарына жаппай оқыту мен дағдыларды үйрету, жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналасуға әрекеттесу мен еңбекке жұмылуды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту. «Бағдарламаның бірінші бағыты аясында, 2,5…

0
0
419

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді

2017 жылғы 10 ақпанда сағат 14.00-да «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Алқа отырысында Конституциялық Кеңестің Төрағасы, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Онда Әділет министрі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған негізгі міндеттерге тоқталады. Кездесу барысында ведомства өкілдері 2016 жылғы жұмысты қорытындылап, 2017 жылдың басым міндеттерін айқындайды. Әділет министрінің орынбасарлары, Жауапты хатшы ведомствоның жетекшілік ететін бағытта…

0
0
405

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді

Ағымдағы жылғы 8 ақпанда саға 16:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысты. Отырыс барысында үш заң жобасының тұжырымдамасы қарастырылды: 1. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, баяндамашы – вице-министр Скляр Роман Васильевич) 2. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, баяндамашы - Жакупова Светлана Қабыкенқызы) 3. «ҚР кей…

0
0
385

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында мемлекеттік қолдау шараларымен 800 мың адам қамтылды

Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы туралы және жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жайлы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Ол өз сөзінің кіріспесінде, 2016 жылы, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жасалып шыққанын, соған байланысты «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын (әрі қарай – «ЖҚЖК-2020) іске асыру аяқталғанын еске салды. «ЖҚЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, 2011-2016 жылдар аралығы, 800 мыңға жуық адамға мемлекеттік қолдау шараларының пайдасы тиді…

0
0
373

Бруцеллездың қалай алдын алуға болады

Бруцеллез – қызбамен, қан тамыры, жүйке және басқа да жүйелердің, әсіресе тірек-қимыл аппаратының зақымдалуымен бірге жүретін инфекциялық ауру. Адамдар үшін бруцеллез инфекциясының негізгі көзі – ұсақ, ірі қара малдар және шошқалар. Жануарларда бруцеллез қысыр қалумен, түсіктермен, өмір сүруге қабілетсіз төлдің туылуымен, өнімділігінің төмендеуімен көрінеді. Инфекцияның қоздырғышы – бруцеллалар. Бруцелланың 6 түрі және көптеген биотиптері бар. Адам патологиясында Brucella melitensis ұсақ қара малдың бруцеллез қоздырғышы анағұрлым маңызды, ол көбіне ауыр өтетін бруцеллезбен сырқаттануды өршітеді. Бруцеллалардың басқа түрлері – ірі қара малдың (В. abortus) және шошқаның (В. Suis) бруцеллалары тудыратын бруцеллез жағдайлары бірлі-жарым (кездейсоқ) және жеңіл өтуімен сипатталады. Ауру малдар…

0
0
1893