IELTS — ағылшын тілі емтиханы
Армысыздар, ағайын! Бұл мақалада мен өзімнің халықаралық ағылшын тілінің емтиханы IELTS-ты қалай тапсырғаным жөнінде айтқым келеді. Жалпы университет қабырғасында оқып жүргенде-ақ, кез келген студент үшін осы емтиханның қаншалықты маңызды екендігін ескерген едім. Алайда екінші тілімнің қытай болуына байланысты көп уақытымды осы тілді оқуға жұмсадым. Ағылшын тілін негізгі пәні ретінде алған студенттер немесе оқушылар үшін осы емтиханның маңызы зор. Сонымен қатар, ағылшын тілі репетиторы ретінде жұмысқа орналасу үшін де осы емтиханды тапсырғандығыңды растайтын сертификат кажет. Жалпы, IELTS деген не? Бұл кез келген ағылшын тілі мемлекеттік немесе ресми тіл болып саналмайтын адамдар үшін арналған, тілді білу деңгейін анықтайтын емтихан. Осы сынақтың нәтижесі қаншалықты жоғары болса, соншалық…