ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаған 2 азаматты құрықтады

Ағымдағы жылдың ақпан айының 06-10 күндері өткізіліп жатқан «Транзит» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаудың, сатудың 2 дерегін анықтады.

2017 жылғы 07 ақпанда Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері салмағы 49,48 гр.-ды құрайтын «марихуана» есірткі затын 10000 теңгеге сатпақ болған 1974 жылы туылған азаматты ұстады. Сонымен қатар, аталған азаматтың үйін тексеру барысында 2 газет қиындысына оралған жасыл түсті, ерекше иісі бар затты анықтады. Сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша 0,13 гр.-ды құрайтын «марихуана» екендігі белгіленді.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі және 297-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға 2017 жылдың 07 ақпанында сағат 18.00 шамасында орын алған. ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері  жүріс-тұрысы күдік тудырарлық 1967 жылы туылған Төретам кентінің тұрғынын тоқтатып, тексеру барысында күртешесінің қалтасынан ақ қағазға оралған жасыл түсті, ерекше иісі бар затты анықтайды. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, белгісіз затқа сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша салмағы 1,59 гр.-ды құрайтын «марихуана» есірткі заты екендігі анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

   

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі