Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылордада соңғы 4 күнде заңсыз есірткі айналымының 4 дерегі тіркелді

Ағымдағы жылдың ақпан айында қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаудың тағы бір дерегін анықтады. Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция саптық бөліністері көше мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бағытында жүргізген профилактикалық жұмыстары нәтижесінде 03.02.2017 жылы сағат 20.00 шамасында Қызылорда қаласында жүріс-тұрысы күдік тудырарлық бір азаматты тоқтатып, тексеру барысында үстіне киген курткасының қалтасынан ақ түсті параққа оралған, хош иісті, жасыл түсті кептірілген шөп тәріздес затты анықтады. Аталған белгісіз затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде 3,13 гр. кептірілген марихуана екендігі белгіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа…

0
0
433

ШҚО әкімі өңірлік Қоғамдық кеңестің алдында есеп берді

Даниал Ахметов Кеңес мүшелерін Шығыс Қазақстан облысының 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен және 2017 жылы атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары туралы баяндады. Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда өңір басшысы Даниал Ахметовтің есебі тыңдалды. Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндап, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың аясында биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды. 2016 жылы өңірлік жалпы өнім 14%-ға өсіп, 2,6 трлн. Теңгеден асқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 41%-ға өскен. Астықтың мол шығуы мен мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі есебінен ауыл шарауашылығының жалпы өнімінің көлемі 11%-ға артқан. Негізгі капиталға инвестиция 6%-ға…

0
0
317

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылдың қорытындысы және 2017 жылға арналған басым міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді»

Бүгін «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы онлайн тарату режимінде өткізілді. Алқа отырысында Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Алқа барысында ведомства өкілдері 2016 жылғы жұмысты қорытындылап, 2017 жылдың басым міндеттерін анықтады. Әділет министрі М.Бекетаев «ҚР Президентінің ағымдағы жылғы 31 қаңтардағы Жолдауында айтылған негізгі міндеттер туралы» баяндамамен сөз сөйледі. Өз сөзінде Министр Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы стратегиялық сипатқа ие жән…

0
0
345

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы

2017 жылғы 10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тапсырмасы негізінде департамент басшысының 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен құрылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының алғаш отырысы өтті. Іс-шара барысында департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Әділбек Қайырболатұлы Мұхамеджанов 2016 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бақылауды жүзеге асыру туралы сөз сөйледі, сонымен қатар мемлекеттік қызмет сапасына қоғамдық мониторинг қорытындыларымен департаменттің мемлекеттік қызмет…

0
0
539

«Қыз Жібек» операсының бас партиясын жас дарын орындайды

10 ақпан, 2017. Астана. «Астана Опера» театрында Жібектің партиясын орындаушы анықталды. Ұлттық алтын қорға енген Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы 10 және 11 ақпан күндері театрдың Үлкен залында сахналанады. Жібектің рөліне көп әнші бағын сынап көрді. Міне, енді таңдау жасалды, тұсаукесер күні тыңдарман жас орындаушыны – болашағынан зор үміт күттіретін Қазақ ұлттық өнер университетінің шәкірті Назым Сағынтайды тамашалайды. Ол көптеген беделді халықаралық байқаулардың жеңімпазы, ірі концерттік бағдарламалардың қатысушысы. Аталған партияны сондай-ақ опера прималары – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова орындайды. - Бұл менің «Астана Опера» театрындағы бас партияны ең алғаш орындауым. Жібек партиясы менің мінезім…

0
0
1526

БҚО-да ведомствоаралық жұмыс тобының кезектен тыс отырысы өткізілді

2017 жылдың 9 ақпанда 2016 жылға арналған мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына қызмет алушылардың қанағаттандырылу деңгейіне жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесін қарау бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезектен тыс отырысы өткізілді. Отырысқа мемлекеттік органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның БҚО филиалының ХҚКО департаментінің өкілдері және жұмыс тобының мүшелері қатысты. Отырыс барысында қоғамдық мониторингтің республикалық және жергілікті деңгейлерде жүргізілген қоғамдық мониторингтердің нәтижелері туралы ақпараты тыңдалды. Ұсынылған…

0
0
378

Марқұм Батырхан Шукеновтың кешінен фоторепортаж

Алматы қаласындағы Республика сарайында, қазақстан және ресей жұлдыздары Батырхан Шукеновтың әндерін « Батыр Lives» атты қайырымдылық концертінде шырқады. Билеттерді сатудан түскен барлық қаражат әншінің ұлы Мақсұт Шукеновтың шотына аударылды. Үш сағаттық концерттің дайындығы 1 айға созылған. Зал толы болды. Бұл күнгі кеште әншілер де , көрермендер де көздеріне еріксіз жас алды. Батырханның ең танымал «Джулия» әнін кеш жүргізушілері Ләйлә Сұлтанқызы мен Әлішер Сүлейменовпен барлық зал бірге шырқады. Композитор, ақын, автор және орындаушы Еркеш Шакеев өзіне арналған репертуарынан «Твои шаги» және « Нелюбимая» әндерін гитарамен әуендетті. Роза Рымбаева ұлы Али Оқаповпен әншінің соңғы « Аманат» альбомының «Кездесу» композициясын орындауда. Концертте сонымен қатар Байгали Серкебаев, Дильназ А…

3
1
591

Тамаша тарландарының тың тартуы

Тамаша театры дегенде әр қазақтың жүрегі жылып сала беретіні рас. Ұстаздары Лұқпан Есеновтер салған сүрлеуді өшірмей, жаңа күннің тынысын тақырып етіп жүрген, 40 жылға жуық тарихы бар, аты аңызға айналған әзіл отауы жаңа жобада жарқырамақ.

Көрерменге апта сайын жол тартатын телевизиялық шоуда қағытпа қалжың да, ән де, би де болады. Шоудың басты кейіпкерлері – Асқар Наймантаев, Мұхаметжан Мырзакеев, Данагүл Темірсұлтанова, Гүлбаушан Тілеубекова, Нұржан Тутов, Бауыржан Орда, Саттар Ерубаев, Мадина Оразқан.

«Тамаша City» телевизиялық шоуы «Еуразия» бірінші арнасының эфиріне 19 ақпаннан бастап, әрбір жексенбі сайын сағат 21:50-де  шығып отырады.

0
0
535

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

Кездесу барысында Елбасыға Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ұйымдастырылуы жөнінде есеп берілді. – Қазақстан 2017 жылғы универсиаданы тиісті деңгейде өткізді. Бұл жарыста біздің спортшыларымыз өздерінің шеберліктерін танытып, жоғары нәтижелер көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне қысқы сайыстар қорытындылары мен бұқаралық спортты одан әрі дамыту жолында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. – Қазіргі уақытта министрлік Жапонияда өтетін қысқы Азиада мен 2018 жылы Корея Республикасында өтетін Олимпиялық ойындарға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді А.Мұхамедиұлы. Сондай-ақ, Елбасы классикалық өнерді, кино индустриясын одан әрі дамытудың, жас дарындарды қолдаудың маңыздылығын атап…

0
0
611

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Елбасы Жолдауының аясында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін дамыту перспективалары туралы а.ж. 8 ақпанда Көкшетау техникалық институтында әңгіме қозғалды. Курсанттардың алдында сөйлеген сөздерінде кездесуді ұйымдастырушылар Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында қоғам алдында, сонымен қатар, жас мамандардың алдында жаңа басымдықтарды белгілеп бергенін атап өтті. Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Д. Каконов Жолдаудың институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты басымдығына бағдарланған рухани-адамгершілік тәрбиеге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік деңгейін қалыптастырудың тәсілд…

0
0
396