ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді

Ағымдағы жылғы 8 ақпанда саға 16:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысты.
Отырыс барысында үш заң жобасының тұжырымдамасы қарастырылды:
1. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, баяндамашы – вице-министр Скляр Роман Васильевич)
2. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, баяндамашы - Жакупова Светлана Қабыкенқызы)
3. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, баяндамашы - Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы)
ҚР Әділетминінің
Баспасөз қызметі

http://www.adilet.gov.kz/kk/news/zan-zhobalau-kyzmeti-mseleleri-zhonindegi-vedomstvoaralyk-komissiyanyn-kezekti-otyrysy-0