Мазмұнға өту

Жаңа

«Өзекті әңгіме» — «Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту»

А.ж. 7 ақпанда Департамент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар («Қазақстан-2050» Стратегиясы; Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы және т.б. ) арқылы қалыптастыруға бағытталған медиа жоспардың аясында «Қазақстан РТРК» АҚ Ақмола филиалының телеарнасында «Актуальная тема» телехабарында тікелей эфир ұйымдастырды. Телехабарға Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов қатысты. Әңгіме барысында телекөрермендердің назарына мемлекеттік қызметте…

0
0
383

«Өзекті әңгіме» — «Мемлекеттік қызметтің Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясындағы міндеттері»

А.ж. 31 қаңтарда Департамент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар («Қазақстан-2050» Стратегиясы; Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы және т.б. ) арқылы қалыптастыруға бағытталған медиа жоспардың аясында «Қазақстан РТРК» АҚ Ақмола филиалының телеарнасында «Актуальная тема» телехабарында тікелей эфир ұйымдастырды. Телехабарға Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев қатысты. Әңгіме барысында телекөрермендердің назарына мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп отырға…

0
0
424

Алдын алу маңызды

А.ж. 10 ақпанда Департамент қызметкерлері М.Ахметқалиев пен М.Сабуров Ақмола облысының мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының ұжымымен  семинар-дәріс өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық жөніндегі ақпараттандыру деңгейін арттыру және  бұл көріністің алдын алу мен болдырмауға  азаматтардың өздерін тарту.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың ішкі талдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді. Шараға 7 адам қатысты.

 
0
0
397

Серік Сәпиев: Қанат Ислам нокаутпен ұтады деп ойлаймын

Боксшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев «Бүгін жексенбі» бағдарламасында қонақта болып, 18 ақпан күні өтетін Қанат Исламның жекпе-жегіне қатысты өз ойын білдірді.

Қанат Ислам мен Робсон Ассис жекпе-жегінің анонсы

0
0
628

«Тәтем-ай» немесе қайран әкем!

Әкем – Қорған Әмірхамзаұлының рухына бағыштаймын! Қазақстанның әр жерінде әкені – тәте дейді екен. Мысалы, Абай Құнанбайды "тәте" депті, Жамбыл Жабаевты балалары «тәте» дегенін оқығаным бар. Бәлкім бұл бұрынғы заманнан қалған атау ма екен? Олай дейтінім, украин халқында да әкесін «тато» деп айтады. Ежелгі түркі тілінен қалған жұрнақ қой! Әкемізді «тәте» дейтінбіз, әрине оқырмандарға түсінікті болу үшін әке деп алып отырмын, әйтпесе «әке» деп айту біртүрлі екен, негізі мен үшін үш-ақ «тәте» бар, біріншісі – әкем Қорған, екінісі - Гүлжан тәтем, үшіншісі – Қалжан тәтем. Соңғы екеуі Сейдағали көкемнің қыздары. Бірақ, бүгінгі әңгіме әкем – Қорған туралы болмақ. Менің әкем – Қорған Әмірхамзаұлы 1927 жылғы 5 қазанда қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы (бұрынғы Торғай уезі Қарақоға б…

0
0
3017

«Әдебиет порталының» жаңа нұсқасының таныстырылымы

Астана қаласы Назарбаев университетінде Әдебиет порталы" жаңа нұсқасының таныстырылымы өтті. Таныстырылым кешіне әдебиет майталмандары Төлен Әбдік, Мырзатай Жолдасбеков, Алдан Смайыл, ақын Қалқаман Сарин сынды тұлғалармен қатар басқа да қаламгерлер келді. Қонақтар әдеби кеш басталғанша, әдемі әуен аясында сыр-сұхбат құрып отырды. Кешке Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев та қатысып, өлең оқып берді. Танымал жазушы, драматург Төлен Әбдік те өзінің туындысын тарту етіп, портал ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Әдеби кеш барысында күмбірлеген күй де орындалды. Көрермен қауым әдеби кештен әдемі әсер алып отырды. Жаңа жобаның таныстырылымы тәмамдалғаннан соң портал жетекшісі, ақын Бауыржан Қарағызұлы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Кеш соңында келген қонақтар және портал ұжымы естелі…

0
0
1257

Павлодар жастары Универсиада жеңімпаздарымен кездесті!

Алматыдағы қысқы Универсиада еліміздің спорттық тарихында орын алған елеулі оқиға! Алатаудың баурайындағы Универсиадаға әлемнің 60-тан астам елінен, сайдың тасындай іріктелген 2000-нан астам спортшылар қатысқан болатын. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын абырой мен қорғап, атой салып келген Павлодарлықтарда жоқ емес. Олардың қатарынада Анна Шевченко, Антон Пантов, Ирина Быкова сияқты жерлестеріміз тіпті жеңіс тұғырынан көрініп жатты. Мысалы, Анна Шевченко Алматыдағы қысқы Универсиаданың 1 алтын, 1 күміс, 3 қоласына қол жеткізіп, Универсиада тарихына енді. Бүгін Павлодар обылсы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-де қысқы Универсиада жеңімпаздарын салттанатты ұлықтау шарасы болып өтті. Күннің сенбісіне, суығына қар…

0
0
851

«Қанатыңды кең серпі !!!»

ҚазҰАУ студенттері қыздар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан ХХVIII Қысқы Универсиаданың күміс жүлде иегері, спорт шебері Айза Имамбекпен кездесті. Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық университеті, агробиология факультетінің ұйымдастыруымен ел спортшыларын ұлықтау мақсатында оқу орнының Мәжіліс залында "Қанатыңды кең серпі!" атты шара болып өтті. Шараға орай Мәжіліс залы арнайы безендіріліп, көрермен лық толды. Басты қонақ Айза Имамбек пен əкесі Эфрат Бағдатұлы есіктен кіргеннен , халық қошаметін аямады. Талантты биші ұл-қыздардың қазақи биімен басталды бұл шара. Кездесу барысында жүргізуші Балғалиев Нұрлан Универсиада тарихына шолу жасап, спортшының жарыс кезіндегі өнері жайлы бейнематериал көрермен назарына ұсынылды. "Бұл - біздің ортақ жеңіс, Қазақстанның жеңісі. Сіздердің жетістіктеріңіз біз үші…

2
0
1395

Қазақстан кәсіпорындарындағы келеңсіз жағдайлар саны 2,4%-ға азайды

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Ең қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша өткен үйлестіру кеңесінің отырысында, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ахмади Сарбасов мәлім етті. Жиынға мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысты. «2016 жылы елдегі кәсіпорындар мен ұйымдарда, келеңсіз жағдайлар салдарынан 1683 адам зардап шекті. Бұл, 2015 жылмен салыстырғанда (1723 адам), 2,4 пайызға аз», - деді ол. Ахмади Сарбасов, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, арнайы өндірістік кеңестер құру арқылы кәсіпорындарда қазіргі заманғы қауіпсіздік және еңбек қорғау жүйесін қалыптастыруға арналған жаңа Еңбек кодексі күшіне енгенін жеткізді. Кеңес шешімі жұм…

0
0
267

Ағылшын мәтелдерінің дені Інжілден, қазақтікі қандай?

Орысша-ағылшынша ауызша аударма курстарына менімен бірге қатысқан танысым бірде сабаққа өзімен бірге қызын ертіп келді. Қыз артқы партадан біздің орысша айтылған сөз тіркестерін ағылшын тіліне аударудан түрлі жаттығуларды орындағанымызды тыныш бақылап отырды.Жаттығудың кезекті күні аяқталғаннан кейін әкесі қызын оқытушымен таныстырды. Қыз оқытушыға жаттығулардың ішінде Інжілден алынған біраз мысалды байқағанын айтты.Сырттан келген адамның көзіне түскен осы бір жайтты мен сол кезде аңғармаппын. Қыздың байқағаны түбінде рас болып шықты. Бұған аудармашыларға арналған көптеген жинақтар (мысалы, John Bartlett. Familiar Quotations), сөздіктер мен оқулықтар дәлел бола алады.Ағылшын тіліндегі жалпыға танымал әрі жиі қолданылатын мәтелдер мен қанатты сөздердің басым көпшілігі Інжіл мен Шекспирдің…

0
0
2580