Yvision.kz
ru
Разное
399 781 жазбалар43 тіркелуші
Всяко-разно
0
05:21, 10 ақпан 2017

ШҚО әкімі өңірлік Қоғамдық кеңестің алдында есеп берді

Даниал Ахметов Кеңес мүшелерін Шығыс Қазақстан облысының 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен және 2017 жылы атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары туралы баяндады.

Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда өңір басшысы Даниал Ахметовтің есебі тыңдалды. Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндап, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың аясында биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

2016 жылы өңірлік жалпы өнім 14%-ға өсіп, 2,6 трлн. Теңгеден асқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 41%-ға өскен. Астықтың мол шығуы мен мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі есебінен ауыл шарауашылығының жалпы өнімінің көлемі 11%-ға артқан. Негізгі капиталға инвестиция 6%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 44%-ға өскен. Мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың аясында жаңа 17 мың жұмыс орындары ашылған. 340 мың шаршы метр тұрғын үй мен 10 әлеуметтік нысан салынып, қолданысқа берілген.

Қоғамдық кеңестің мүшелері талқылап, бірауыздан облыс әкімінің есебін бекітті. Сонымен қатар отырыстың аясында сараптамалық жұмыс топтарының жетекшілері сөз алып, экологиялық жағдайды жақсарту, білім және спорт салаларын дамыту бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Ең өзекті мәселелерді облыс әкімі бақылауына алатындығын жеткізді.

- Қоғамдық кеңестің бірқатар маңызды сұрақтар бойынша өз ұстанымының болуы қуантады. Күрделі мәселелерді көтеріп, оларды шешу үшін көптеген сараптамалық топтар құрғандарыңыз үшін алғыс білдіремін, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

0
212
0