ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да ведомствоаралық жұмыс тобының кезектен тыс отырысы өткізілді

2017 жылдың 9 ақпанда 2016 жылға арналған мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына қызмет алушылардың қанағаттандырылу деңгейіне жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесін қарау бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезектен тыс отырысы өткізілді.

Отырысқа мемлекеттік органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның БҚО филиалының ХҚКО департаментінің өкілдері және жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Отырыс барысында қоғамдық мониторингтің республикалық және жергілікті деңгейлерде жүргізілген қоғамдық мониторингтердің нәтижелері туралы ақпараты тыңдалды. Ұсынылған әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары бойынша өңірімізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жоғары қанағаттанушылық деңгейді көрсетіп, 83% құрады. Бұл көрсеткіш жоспарланған қанағатанушылық деңгейінен 1 %-ға  жоғары. Алайда зерттеу нәтижелері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты одна әрі жандандыру қажеттігін көрсетеді.

Қоғамдық мониторинг қорытындыларын қарау нәтижесінде мүдделі мемлекеттік органдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жіберу туралы шешім қабылданды.