«Қыз Жібек» операсының бас партиясын жас дарын орындайды
10 ақпан, 2017. Астана. «Астана Опера» театрында Жібектің партиясын орындаушы анықталды. Ұлттық алтын қорға енген Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы 10 және 11 ақпан күндері театрдың Үлкен залында сахналанады. Жібектің рөліне көп әнші бағын сынап көрді. Міне, енді таңдау жасалды, тұсаукесер күні тыңдарман жас орындаушыны – болашағынан зор үміт күттіретін Қазақ ұлттық өнер университетінің шәкірті Назым Сағынтайды тамашалайды. Ол көптеген беделді халықаралық байқаулардың жеңімпазы, ірі концерттік бағдарламалардың қатысушысы. Аталған партияны сондай-ақ опера прималары – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова орындайды. - Бұл менің «Астана Опера» театрындағы бас партияны ең алғаш орындауым. Жібек партиясы менің мінезім…
Алматыда өткен Қазақстанның музыка қайраткерлерінің одағының кезектен тыс съезінде Одақтың жаңа төрағасы сайланды.