Алматы қаласындағы Республика сарайында, қазақстан және ресей жұлдыздары Батырхан Шукеновтың әндерін « Батыр Lives» атты қайырымдылық концертінде шырқады.
Билеттерді сатудан түскен барлық қаражат әншінің ұлы Мақсұт Шукеновтың шотына аударылды.
Үш сағаттық концерттің дайындығы 1 айға созылған. Зал толы болды. Бұл күнгі кеште әншілер де , көрермендер де көздеріне еріксіз жас алды.
Батырханның ең танымал «Джулия» әнін кеш жүргізушілері Ләйлә Сұлтанқызы мен Әлішер Сүлейменовпен барлық зал бірге шырқады.
Композитор, ақын, автор және орындаушы Еркеш Шакеев өзіне арналған репертуарынан «Твои шаги» және « Нелюбимая» әндерін гитарамен әуендетті.
Роза Рымбаева ұлы Али Оқаповпен әншінің соңғы « Аманат» альбомының «Кездесу» композициясын орындауда.
Концертте сонымен қатар Байгали Серкебаев, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Далер Назаров, Нурлан Абдуллин, Мадина Сәдуақасова, Жанар Дугалова, Али Оқапов, «Жетыген», «JCS», «Дервиши», «Мюзикола», «МузАРТ», «Мagic of Nomads» топтары ән арнады.
Сахнада Батырхан Шукеновтың ресейлік әріптес достары да өнер көрсетті: Илья Зудин, Юлия Началова, Доминик Джокер, Кэти Топурия, Владимир Пресняков және «N.A.O.M.I».
Концерт Алматы қаласының ең үздік музыканттардың сүйемелдеуімен, жанды форматта өтті. Кештің музыкалық продюсері Виктор Хоменков болды.
Мәлімет Forbes Kazakhstan cайтынан алынды.