Мазмұнға өту
AkimatVKO

AkimatVKO

Сайтта 2016 ж. 15 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

6

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

ШҚО әкімі өңірлік Қоғамдық кеңестің алдында есеп берді

Даниал Ахметов Кеңес мүшелерін Шығыс Қазақстан облысының 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен және 2017 жылы атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары туралы баяндады. Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда өңір басшысы Даниал Ахметовтің есебі тыңдалды. Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндап, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың аясында биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды. 2016 жылы өңірлік жалпы өнім 14%-ға өсіп, 2,6 трлн. Теңгеден асқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 41%-ға өскен. Астықтың мол шығуы мен мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі есебінен ауыл шарауашылығының жалпы өнімінің көлемі 11%-ға артқан. Негізгі капиталға инвестиция 6%-ға…

0
0
273

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің шығысқазақстандықтарды Жаңа 2017 жылмен құттықтауы

Ардақты ағайын! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Аяқталып қалған жыл еліміз үшін берекелі болып, ынтымақтың ырысқа, берекенің бақытқа бастарын тағы бір айқындап берді. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығын атап өтті. Бұл тарихи кезеңнің әрбір жылы жарқын істермен есте қалды. Ширек ғасырда Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен әлем таныған мемлекетке айналды. Отанымыздың дамуына жерлестеріміздің қосқан үлесі мол. Облыста жаңа кәсіпорындар салынып, көптеген жұмыс орындары ашылды. Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Мұның барлығы, ортақ істің оң нәтижесі! Құрметті жерлестер! Келе жатқан Жаңа жыл – әрбір үйге бейбіт өмір, қуаныш пен шаттық, баянды бақыт тарту ететін берекелі жыл болсын! Баршалар…

0
0
394