Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы

2017 жылғы 10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тапсырмасы негізінде департамент басшысының 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен құрылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының алғаш отырысы өтті.

Іс-шара барысында департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Әділбек Қайырболатұлы Мұхамеджанов 2016 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бақылауды жүзеге асыру туралы сөз сөйледі, сонымен қатар мемлекеттік қызмет сапасына қоғамдық мониторинг қорытындыларымен департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Динара Ільясқызы Жүсіпова таныстырып өтті.

Сонымен бірге, бағыныстағы салада мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндамамен Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Григорьевич Гамазов, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды ұйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Кәрімқызы Жапарова, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинетінің меңгерушісі Роза Рәхметқызы Урстембаева және Көкшетау қаласы әділет басқармасының басшысы Қият Шорманұлы Сандыбай тындалды.

Іс-шара қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

0
0
500

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы - Yvision.kz