Елбасы Жолдауының аясында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін дамыту перспективалары туралы а.ж. 8 ақпанда Көкшетау техникалық институтында әңгіме қозғалды.
Курсанттардың алдында сөйлеген сөздерінде кездесуді ұйымдастырушылар Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында қоғам алдында, сонымен қатар, жас мамандардың алдында жаңа басымдықтарды белгілеп бергенін атап өтті.
Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Д. Каконов Жолдаудың институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты басымдығына бағдарланған рухани-адамгершілік тәрбиеге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік деңгейін қалыптастырудың тәсілдерін өзгерту қажеттілігі туралы айтты.
Тұтас алғанда, жиында спикерлер ретінде сөз алған Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Тимур Ысқақов пен «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Жанаргүл Жүнісова Елбасының Жолдауын қалыптасқан егеменді мемлекеттің тарихи тұрғыда алдын ала белгіленген маңызды қадам ретінде сипаттады.
Іс-шараға 98 адам қатысты.