Цифрлы Қазақстан
Қазір қарыштап дамып келе жатқан болашағы зор сала ІТ саласы екенін бүкіл әлем мойындағалы қашан. Бұл саланың берері мол екеніне көздері жеткен соң көптеген дамушы елдер де кеткен үлестерін түгендеу үшін қаржысын да, ресурсын да аяп жатқан жоқ. Иә, жоғарыда атаған дамушы елдердің арасында Қазақстан да бар. Тәуелсіздік алып кенже қалған салаларды дамытуды қолға алған кезде жоғары технологиялар да назардан тыс қалмаған болатын. Рас, сол кезде даму үдерісі белгілі сүрлеумен, арнайы бағдарламамен жүзеге аспағанымен өзіндік жетістіктері де болды. Жалпы, сандық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары қандай екенін білу үшін, бұл саланы дамыту бізге береді деген сұраққа жауап беріп көрейік. Біріншіден, сандық технологияларды үкімет органдарының қызметіне енгізсек өздеріне де тиімді…