Мемлекеттік қызметтің болашағы зор болмақ. Оның куәсі мемлекеттік қызмет саласында соңғы кездегі жасалып жатқан реформалар. Елбасы Н.Назарбаевтың дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі міндеті -мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру,жаhандық қызмет көрсету стандарттарына жақындату.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметшілерге деген сын пікірлерді жиі кездестіруге болады. Мемлекеттік қызметке келген адам өзінің жеке басының мүддесі үшін емес, қоғамның, халықтың мүддесі үшін еңбек етуі тиіс. Сондықтан , мемлекеттік аппараттың қазіргі қоғамның талаптарына сай және халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болуына қол жеткізу үшін жасалып жатқан жұмыстардың бірі –аттестаттау деп санаймын.
Аттестация кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша мемлекеттік қызметті реформалаудың жалғасы болып табылады және Елбасы белгілеген міндеттердің тиімді іске асырылуына жағдай жасайды, маңызды әрі жауапты шараның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді деп есептеймін.
1-деңгейдегі аттестаттау комиссиясынан әңгімелесу кезеңін
оң нәтижемен өтуші БҚО мәслихаты аппарат басшысының орынбасары
Калиев Есентай Гиниятұлы