ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
2

Sing қазақша!

Елімізде қазақ тілінің халі қандай екенін барлығымыз жақсы білеміз. Ауыз көпіртіп ол туралы айтып, оқырмандарымыздың алтын уақытын алмағанымыз жөн. Одан да осы мәселені қалайша шеше алатынымызды қарастырайық. Өз басым Қазақстанның музыка индустриясы қазақ тіліне қол ұшын беретініне кәміл сенемін. Бүгінгі мақала ана тіліміздің тек сақталып қана қоймай, кең жайылуына зор үлес қосып жүрген музыкант бауырымыз - Ғалымжан Молданазар туралы болмақ.

Ғалымжан Молданазар – қазақ сахнасына жаңа леп әкелген әнші. Ол батыстың синти-поп жанрында ән салады. Ән салғанда тек жан даусыменен ән салады. Фонограмманы жек көреді. Жақында берген бір сұхбатында:

"Әнші деген кім? Ән айтатын адам. Ендеше, оның сахнаға шығып, аузын құр жыбырлатқанының не пайдасы бар? Демек, ондай адамдарды әнші емес, басқаша атпен атау қажет. Дәл осы себептермен 2013 жылы эстрададан кетіп қалдым.Менің ойымша, өнерде алдамшы нәрселер болмауы керек. Мысалы, фонограммаға адал ақша емес, фальш ақша төлеңіз. Дұрыс қой?!",-деп қазақ эстрадасын сынаған еді.

Молданазардың шығармашылығының ең басты бір ерекшелігі - оның тек қазақ тілінде ән айтуы болып табылады. Қазақ тілін білмейтін бауырларрымыз ана тіліміздің қандай керемет екенін осы Молданазардың әндерінен байқайды. Меніңше, ана тілін білмейтін қазақ бауырларымыз Молданазардың әндерін тыңдаулары қажет сияқты. Олардың қазақ тіліне бірден ғашық боларына күмәнім жоқ. Youtube-тағы Молданазардың бір бейнебаянына қалдырылған мына бір пікірлерді назарларыңызға ұсынамын:


2015 жылдың Мамыр айында Молданазар Астана қаласында көнцерт берді. Сол бір кеште мен бір ағылшын азаматын байқадым. Жақындап келіп бір-екі ауыз сөз алмастық. Генри Қазақша бір де бір сөз білмесе де Молданазардың үлкен бір жанкүйері екенін айтып кетті. Сол бір кеш есте қалсын деп, бірнеше фото түсірген болатынмын. Мақаладағы суреттердің барлығы менікі болып табылады.


Қазақ тілін Моладаназар сияқты өнерменен таратар болсақ, ана тілімізде сөйлейтін адамдардың саны көбейетіне кәміл сенемін. Шенеуіктеріміз осыны түсініп, керек жағдайларды жасаса кем болмас еді. Сөзімді Молданазардың мына шумақтарымен аяқтайын:

"Байтақ өлкем жеріммен,
Мақтанамын еліммен.
Еңбек еткен терімен
Қазақ жұрты кімнен кем?!
Сүйсінемін көркіңнен
Туған жерім, ту кілем.
Қонақжайлы төріңмен
Бейбітшілік көрінген"