ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

PR-мақала немесе Жеке PR

Бүгінгі күні PR – қоғамға оң әсер ете алатын эффективті құрал болса, ал ғаламтор- кең аудиторияға ақпаратты қолжетімді,жылдам әрі қымбат емес түрде жеткізудің құралы болып табылады.

Сондықтан да , PR-мақалалар ғаламтордағы қоғамға нәтижелі ықпал ете алатын лайықты бағаға ие құрал деп айтсақ қателеспейміз. Себебі мазмұнсыз әрі жалықтырып жіберетін жарнамалардан гөрі, сапалы жазылған PR-мақала сол мәселеге байланысты объективті әрі сарапталған пікір деген ой қалыптастырады. Сол себепті PR-мақалалар аудиторияның сеніміне көбірек ие.

Ең алдымен, PR-мақаланы жазу туралы сөз қозғамй тұрып, сізге түсінікті болу үшін оған нақты әрі дәлме-дәл анықтама беру шарт. PR-мақала туралы келесі берілген ақпараттар оқырман көңілінен шығады деген сенімдеміз.

Көптеген жылдық журналистік тәжірибеде PR-мақала дегенде жарнамалық мақалалармен қоса тікелей ақпараттық пресс-релиздер еске түсетін еді. Ал қазіргі кезде арнайы PR-мамандар өз клиенттері үшін PR-мәтін жазар кезде, «PR-мақала» мағынасында мынадай түсініктер қалыптастырады екен. PR-мақала- белгілі бір іс-шара, компания немесе мекеме туралы оң ды пікірлер қалаыптастыруға және «тапсырыс берушіге» ыңғайлы ракурста жызылған мақала болып табылады. Десек те, PR-мақаланың басты кейіпкері ретінде жеке тұлға қала береді.

Көп жағдайда PR-мақала бір тұлғаның айналасында, яғни оның іс-әрекеттері мен мақсаты жайында өрбиді. Бұл мәселе жайлы әрбір адам хабардар болу шарт. Ал егер сізге тауар немесе мекеме жайлы мақала қажет болса, назарыңызды жарнамалық мақалаларға, егер бір тауарды сату несесе қызмет көрсету туралы ақпарат таратқыңыз келсе, онда жарнамалық мәтінге тапсырыс бергеніңіз жөн.
PR-мақала қоғамның жауабын мақсат тұтады. Көбінесе әрқайсысы өз аудиториясына ие және белгілі бір жоспар бойынша жарияланатын бір ғана емес, бңрнеше PR-мақала жазылады.

Негізінен, PR-мақалалар тұлғаның жоғары көтерілуіне жәрдемдесетін мекеме жоспарының бір бөлігі болып табылады. PR-мақаланың жазылуы көп уақытқа созылатын процесс, мақала мазмұнды әрі түсінікті болуы үшін PR-мамандар мекеме басшыларымен бірнеше кездесулер өткізіп, жоспар құрып алады екен.
Жеке бір тұлғаға бағытталғанымен, PR-мақала негізінен «табиғи» несесе «жасанды» фактілерге сүйенеді. Сонымен қатар, бұл мақалада жалған ақпарат кездеспейді. Бұл PR-мақаланың тікелей қоғамға негізделуімен және мақаладағы әрбір факт сынға тікелей ұшырауымен байланысты болып табылады.

Айта кетерлік жайт, қоғамға деген әсері мықты және ұзақ болғандықтан PR-мақалалар ғаламтордағы қауіпті құралға айналуы мүмкін. Мысалға PR-мақала жалған фактілерге сүйеніп немесе сапасыз жазылса ол сізге қарсы айналуы мүмкін. Сондықтан ғаламторда, басылым беттерінде, қайда болмасын жоғары білімді кәсіби маманды таңдап және адал PR-компанияға сенгеніңіз абзал.

Дидар Халық