Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО-да тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері талқыланды

2017 жылдың 2 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің эксперттік тобының қызметтік кездесуі өткізілді. Қызметтік кездесуге Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов төрағалық етіп, оған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің хатшысы Б.З.Ашитов, Агенттіктің бас консультанты А.Қ.Байшолақов, БҚО Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Қ.Х.Қапанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

0
0
440

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2017 жылдың 2 наурызында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау мен жастар саясаты басқармалары тарапынан мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша атқарылған жұмыс қорытындылары, сондай ақ Ақжайық және Сырым аудандарының білім беру бөлімі басшылары мен Тасқала ауылдық округі әкімінің тәртіптік істері қаралды. Алдымен, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау мен Батыс Қазақстан облысы…

0
0
366

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы

2017 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары Л.Ж. Дүйсеновке және «Жарқайың ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің басшысы А.А. Хасеноваға қатысты тәртіптік істер қаралды, олар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзды. Сондай-ақ, Бурабай ауданы Бурабай кентінің әкімі Ч.Н. Темербековке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарын б…

0
0
283

ЕШТЕН КЕШ ЖАҚСЫ: «Универсиада Қазақстанға не берді?..»

Əне-міне дегенше, 28-ші рет ұйымдастырылған Бүкіләлемдік Қысқы спорт ойындары да өз мəресіне жетті. 1905 жылдан негізі қаланған спорттық жарысты өткізу биыл бізге бұйырды. Естеріңізде болса, спорттың 12 түрінен бақ сынаған Қазақстан жастары қоржынға 36 медаль салып, топтық есепте ІІ орыннан бой көрсетті. Олимпиада өткізілгеннен "өтедісі" қызық болған сыңайлы. Оған себеп, қалың көпшілік көкейіндегі "Универсиада бізге не береді?" сауалы сенімсіздік тудырғаны аян. Жарыс өтті. Ел тынышталды. Енді ештен кеш жақсыға көшіп, "Универсиада бізге не берді?" деген сұрақ жауабын өзімізше топшылап көрелік. Біріншіден, қонағын "Құдайындай " күткен қазақ үшін бір апта оңынан туды. Оңтүстік астанамызда кезінде "орынсыз" қаланған көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, спорттық жарыс өткізілетін кө…

2
0
880

Қазақстанда білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар енгізу мәселесі

Қазіргі уақытта онлай күнделік жобасы бойынша біраз мәселе талқыланып жатыр. Осындай ұсыныстардың жүзеге асырылып, іске қосылғанын қалаймын. Себебі, кунделіктің электронды түрі оқушы үшін де ата-ана, мұғалімдер үшін де пайдалы деп ойлаймын. Қазіргі уақытта ата-аналар баласының мектебіне барып, сабақ үлгерімін бақылауға уақыттары жоқ екенін айтады. Ал, осындай оқу барысы бойынша IT-жүйесінің дамығаны мені қуантады. Кешкісін интернет желісі арқылы ата-ана баласының барлық сабақтары бойынша үлгерімін, сабақ кестесін сондай-ақ үй  тапсырмаларын қаншалықты орындағанын үйінен шықпай-ақ бақылай алады. Ал, мұғалімдерге келетін болсақ 100 шақты қағаздарынан құтылып, оқушылардың білім алуына көп көңіл бөледі.

0
0
1200

Ақмола облысының арнайы білім беру ұйымдарының ұстаздарымен кездесу

А.ж. 1 наурызда Департаменттің қызметкері  А. Галеева сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында Ақмола облысының арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен «Білім саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында   (әлеуметтік бейнероликтердің көрсетілімімем) дәріс өткізді.

Іс-шараға 65 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
478

«Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алды

А.ж. 1 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының бастау алуына арналған брифинг өтті. Марафон 1 наурыздан бастау алады және жылдың аяғына дейін өтеді. Дүние жүзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтілетін 9 желтоқсан күні Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда марафонның нәтижелері жарияланады. Марафон барысында: дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар, КВН-дар, викториналар, пікірсайыстар, дебаттар, флешмобтар және жұмыстың т.б. түрлі нысандары іске асырылатын болады. Іс-шараларға мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап, халықтың барлық топтары қатысады деп жоспарлануда. Облыстық марафонның қорытындылары бойынша өңірлердегі үздік іс-шаралар қамтылған деректі бейнеролик түсіру жоспарл…

0
0
475

Павлодарда «той-бизнес» өкілдерінің жәрмеңкесі өтті

Үйлену тойы – кез келген адам өміріндегі ұмытылмас сәттердің бірі. Ал, ғашықтар болса өз кезегінде тойларын ерекше қылып өткізгісі келетіні белгілі. Осы мақсатта Павлодар қаласында, 1 наурыз күні, «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен аймақтағы «той-бизнес» өкілдерінің барлығы жиналған «Менің тойым» үйлену той жәрмеңкесі өтті. Шараның басты мақсаты – өңірдегі той индустриясының дамуына серпін беру және отбасын құруға ниетті жастарға арналған көмек болып табылады. Осы күні Павлодар Event инстустириясының үздік мамандары, үйлену той салондары, мерекелік агенттіктер, жүргізушілер, асаба, шоумендер, фото-видео студиялар, ерекше жанрдағы әртістер, барлығын бір орынға жиналып, өз жұмыстарымен таныстырды. Қатысушылар арасында лоторея ойнатылды. Жеңімпаздарға тегін фото сессия…

0
0
962

2-11 сынып оқушыларына берілетін үй тапсырмаларын орындауы

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептердің 2-11 сынып оқушыларына берілетін үй тапсырмаларын ұйымдастыру және орындау бойынша методикалық ұсынымдардың 2 жобасын педагогтар мен ата-аналардың талқылауына беріп отыр. Бұл жобаларды жан-жақты қарау мақсатында талқылауға мектеп педагогикасы мен еліміздің зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне бейжай қарамайтын әрбір азамат шақырылады. PISA халықаралық зерттеулер қорытындыларына сүйенсек, қазақстандық оқушылардың үй тапсырмаларын орындауға шектен тыс уақыт жұмсайтынын аңғарамыз (65 мемлекеттің арасында 4 орын https://vk.com/album-120804658_241206821). Ғалымдардың пікірінше, оқу үлгерімінің жақсаруына оқушыларға тапсырылатын жұмыстың аз болуы елеулі әсерін тигізеді. Сонымен қатар, үй тапсырмаларын орындау барысында қазақстандық оқушылар басқа…

0
0
1098

Қазақстанда Алғыс айту күніне орай, қайырымдылық акциялары бастау алды

Еліміздің барлық өңірінде, Астана мен Алматы қалаларында, Алғыс айту күніне арналған қайырымдылық шаралары өтуде. 28 ақпан мен 3 наурыз аралығы халықтың барлық әлеуметтік әлсіз топтары саналуан әлеуметтік қолдау түрлерімен қамтылатын болады. Бұл дегеніңіз, зейнеткерлер, жастар, студенттер, оқушылар, мектеп жасына дейінгі балалар, тұрмысы төмен, толық емес және көпбалалы отбасылар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, жетім балалар, мүгедектер және тағы басқа жандар. Алғыс айту күнін мерекелеу аясында, қайырымдылық мақсаттағы түскі астар, түрлі қызметтерді тегін көрсету (моншаға, шаштаразға бару, қоғамдық көлікте жол жүру), мерекелік концерттер, көрмелер, байқаулар, спорттық сайыстар ұйымдастыру жоспарланған. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында, мемлекеттік мекемелер мен бизнес-құрылымдар өкілд…

0
0
655