Мазмұнға өту
aidoss

Айдос Садуакасов

@aidoss

Сайтта 2016 ж. 17 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

16

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Рухани жаңғыру – ұлттық экономиканы дамыту кепілі

Осыдан бірнеше жыл бұрын экономика ғылымдарының докторы, академик, сол кезде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғали Сағадиев ағамызға: «Қазіргі кезде сарапшылар әлемде орын алған соңғы қаржы дағдарысының себеп-салдарын да адамзат санасының рухани дағдарысымен түсіндіреді. Сіз осыған қосыласыз ба?» дегенімде: - Сонау ықылым заманда Аристотель «Өркениет дамыған сайын руханият құлдырайды» деген екен. Мұны Платон да қолдаған көрінеді. Бұған мен де толық қосыламын. Экономикадағы дағдарысты болдырмас үшін әлем болып оны қайта қарап, оны жаңаша пайымдайтын кез келді. Дәл осылай болса, тағы да тығырыққа тірелуіміз мүмкін. Мұны Елбасы да айтып жүр. Дүниежүзіндегі валюта саясаты, жалпы экономика мен дипломатиялық саясат – осының бәрі адамның рухани құндылықтарды түйсінуіне…

0
0
2328

Әлемдік азық-түлік нарығындағы Қазақстанның орны қандай?

Қытай ойшылы Конфуцийдің он шақты ғасыр бұрын айтқан «Мемлекетте жеткілікті азық-түлік пен жеткілікті қару-жарақ болу керек. Сонда ғана халық билікке сенеді» деген дана сөзіне еш нәрсе алып-қосудың қажеті жоқ тәрізді. Себебі бүгінде Жер тұрғындарының саны 6 миллиардтан асып жығылады. Осы 6 миллиардтың үстіндегі халықтың 1 миллиард 300 мыңы өлместің халын кешсе, 1 миллион кісі қоңыз теріп жейтіндей дәрежеде өмір сүруде. Технология мен адам мүмкіндігі дамыған ХХІ ғасырдың өзінде аштық пен жалаңаштықтың бұғауынан құтылмай келе жатқан елдер жетерлік. Мәселен, БҰҰ-ның дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мен қызметкерлерінің дерек көздеріне сүйенсек, Африканың 240 миллиондай тұрғыны аштан өлудің алдында екен. Бұл дүниежүзінде азық-түлік мәселесінің ушығып тұрғандығын көрсетеді. Әлемдік ауыл ша…

0
0
1277

Латынша жазылған әңгіме

Jy’san i’isi sin’gen kitaptar (a’n’gime) S’ildenin’ aptap ystyq ku’nderinin’ biri bolatyn. Ala jazdai’ Kegen ay’ylynyn’ qara si’raq balalaryna tynym joq. Kezekpen qoi’ bag’y’, s’o’p s’aby’, tan’erten’ maldy o’riske qosyp, kes’ke ku’tip alu, qoi’dyn’ ju’nin qyrqy’, qysqa otyn dai’ynday’ sekildi jylda qai’talanatyn tirlikke olardyn’ a’bden eti u’i’rengen. Birde ko’rs’iles dosym Maqsat ekey’miz ay’yl s’etindegi Ba’i’s’es’ek ko’line sy’g’a tu’sy’ge ja’ne balyq ay’layg’a s’yqtyq. Oi’ynnyn’ qyzyg’yna berilip, ku’nnin’ qalai batyp, kes’ tu’skenin bai’qamai’ da qalyppyz. Qarnymyz as’yp, betimiz ku’nge ku’i’se de, qolymyzda ay’lag’an azyn-ay’laq balyg’ymyz bolg’andyqtan, oljaly oralg’anymyzdy sezdirip, a’ndetip kelemiz. Alai’da, o’z ko’s’emizge tu’sip, u’i’imizge jaqyndag’an sa’tte ku’n’irenip jyl…

0
0
6713

Әліпби – ұлтты біріктіретін мәдени код

Саясаттанушы Рүстем Қазақбайұлы ұлт­тың дамуы жазуға негізделетінін жазу таңбасы діни қауымдастықтардың мәдени әр алуандығы мен аумақтық ауқым­ды­лы­ғын қамтамасыз етуде шешуші рөл ат­қар­ғанын исламды мысалға келтіре отырып, былай дейді: «Егер де индонезиялық Ма­гинданао тұрғыны Меккеде бербер тай­па­сының өкілімен кездессе, бір-бірінің тілін білмеуі салдарынан ауызша қарым-қа­ты­нас жасай алмайды. Дегенмен олар бір-бі­рін жазбаша түсінуге қабілетті. Себебі тек қана классикалық араб тілінде бар әрбір сакральды мәтін олар үшін түсінікті болып саналады. Бұл тұрғыда жазбаша араб тілі қытай иероглифтеріне ұқсас қызмет ат­қа­рады. Қытайлықтар үшін иероглифтер бір­тұтас қытай ұлтын біріктіретін мәдени код болып саналады. Қытай тілінің түрлі бөлігі әр алуан айтылу нұсқасына ие. Бұл өз ке­зегінд…

0
0
904

Ұлт болмасын десең – жазуыңды түзе!

Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым әрі көрнекті мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынов әр ұлтқа төрт нәрсе керек. Олар: тіл, діл (ұлттық сана), дін және жазу. Осылары болса ғана әр халық – өзінше халық. Егер бұлардан айырылса, ол ел, халық болудан қалатындығын айтқан. Бұдан біз ұлттың ұлт болуы үшін жазудың да үлкен рөл атқаратындығын аңғарамыз. Кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі 1940 жылы тоталитарлық билік тарапынан күштеп енгізілу салдарынан мемлекеттік тіліміздің лингвистикалық әлеуетін аша алмай отыр. Керісінше, әлі күнге дейін шетелдік кірме сөздер мен терминдер қазақ тіліне орыс тілі арқылы немесе орыс тілінің орфографиялық ережесімен кірігуде. Бұл, өз кезегінде, қазақ халқының ұлттық санасына кері әсер етуде. Бұл құбылыс жалғаса беретін болса, мемлекеттік тіліміздің дамуы…

0
0
819

Қазақ баласы технология тілін меңгере алды ма?

Бүгінгі автоматты және мобилді озық технологиялардан тұратын әлемдік экономика техникалық және технологиялық ізденістердің арқасында адамзаттың инженерлік қабілетін арттырып, адами жаңалықтардың игілігін бір ғана құрлық емес, бүкіл ғаламшардың пайдалануына мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, бұған компьютерлік құрылғыларды, дамыған байланыс жүйесін, автоматтандырылған тұрмыстық техниканы, ақпараттық технологияны айтсақ та жеткілікті. Әлемдік шаруашылықтың негізгі табыс көзі бизнеске айналып отырған ХХІ ғасыр ғаламшарымыздағы алпауыт бай адамдар шоғырын қалыптастырды. Әлемде соңғы 2 ғасыр ішінде шамамен 500 адам миллиардер атанып үлгерген. Олардың көбісі өз бизнестерін нөлдік тұрғыдағы дәрежеден бастап, бүгінде ғаламшар халқының тұтынатын тауарлар мен техникаларын өндіретіндей дәрежеге жеткен.…

0
0
400

Атом энергетикасын дамытудың болашағы қандай?

Әлемге жасыл технология, блашақтың энергиясы тақырыптары бойынша «EXPO-2017» көрмесін өткізу арқылы тағы бір мәрте танылған Қазақстан әзірге баламалы энергия көздерін толық пайдаланатын мемлекеттер санатынан емес. Алайда, елімізде бұл бағытта алғашқы жұмыстардың жүргізіліп жатыр. Осы ретте баламалы энергия туралы сөз қозғамас бұрын атом энергетикасы саласындағы ахуалға шолу жасап көрсек... Әлемде бірнеше мемлекетте жаппай қырып-жоятын қару бар. Ал, ол өз кезегінде ғаламдық тыныштыққа көлеңке түсірмей қоймайды. Кеңестер Одағы күйрегеннен кейін Қазақстан ядролық қаруы бар мемлекеттер қатарынан саналды. Алайда, қашан да бейбітшіл қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ажал ошағы» - Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдағанын әлем халқы жақсы біледі. Өйткені, дәл осы тарихи ш…

0
0
3980

Ұлттық сананы жаңғыртудың басты кілті — әліпбиде!

Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ға­лым әрі көрнекті мемлекет қайраткері Ах­мет Байтұрсынов: «Әр ұлтқа төрт нәрсе керек. Олар: тіл, діл (ұлттық сана), дін және жазу. Осылары болса ғана әр халық – өзінше халық. Егер бұлардан айырылса, ол ел ха­лық болудан қалады», – деп айтқан. Бұдан біз ұлттың ұлт болуы үшін жазудың да үл­кен рөл атқаратындығын аңғарамыз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жүр­гі­зілген зерттеуде: «Қазақ елестетілетін қауым­дастығы ХІХ ғасырдың соңында-ақ қалыптаса бастады, бірақ оның дамуын Қазан төңкерісі тоқтатты. Кеңестік кезеңде қазақ елестетілетін қауымдастығының да­муы оны идеологияландыру мен соған байланысты орыстандыру негізінде жүріп, оның басты элементі қазақ тілін кирил­ли­цаға көшіру болды. Елестетілетін қауым­дас­тықты (я…

0
0
804

Адами капиталды дамыту – ұлт болашағының кепілі

Әрбір мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын сақтауда ұлттық байлықтың тигізер әсері зор. Өйткені, қоры жоқ елдің – соры бес елі болмақ. Біз әдетте ұлттық байлық дегенді терең түсіне бермейміз. Кейбіреулер мұны мұнай мен газ, жер асты кен байлықтары деп түсінеді. Бұл – қате түсінік. Ұлттық байлық дегеніміз – қоғамның өндірістік әрекеті негізінде жинақталған қаржылай түрдегі елдің экономикалық жағдайының маңызды көрсеткіші. Ал кең түрде алып қарастырар болсақ, бұл байлыққа бейматериалдық игіліктер де, яғни қоғамның руханы құндылықтары да жатады. Ұлттық байлықтың талас тудырмайтын үш көзі бар: жер, еңбек және капитал. Бұларды жинақтап айтсақ, табиғи, өндірістік және адам капиталы деуге болады. Осы капиталдың үш түрі және оның дамуы Ішкі жалпы өнім болып табылады. Енді ғаламдық және ұлттық ба…

0
0
10193

Қара алтынға бай қара нәсілді ел

Жүгіргенде желаяқ, бүкіл денесімен би билейтін, бұйра шашты, қап-қара негрлерді көз алдымызға елестетсек, ойымызға Африка құрлығы оралатыны бар. Ал, сол қара құрлықтағы қара алтынға бай мемлекет, ол – Нигерия. Астанасы – Абуджа қаласы. Жыл он екі ай шілденің шыжыған ыстығындай аптапқа шыдамдылығымен ерекшеленетін Нигериядағы іргелі этникалық топтарға йоруба, хауса, игбо жатады. Ондағы халық саны – 140 миллион 3 мың 542 адам. Діни нанымдары бойынша халықтың 50 пайызға жуығы Ислам дініне сенім артса, 30 пайызға жуығы христиан дініне мойын бұрған. Халықтың қалған бөлігі дәстүрлі діндерін ұстанады. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі, ал ұлттық валюта атауы – найра. Британ отары болып саналатын Нигерия 1947 жылы өзін-өзі басқару құқығын алды. Британ аймақтандыру саясаты елде өңірлік-этникалық сая…

0
0
1121