ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Цифрлы Қазақстан

Қазір қарыштап дамып келе жатқан болашағы зор сала  ІТ саласы екенін бүкіл әлем мойындағалы қашан. Бұл саланың берері мол екеніне көздері жеткен соң көптеген дамушы елдер де кеткен үлестерін түгендеу үшін қаржысын да, ресурсын да аяп жатқан жоқ.

Ғаламдық билік

Иә, жоғарыда атаған дамушы елдердің арасында Қазақстан да бар. Тәуелсіздік алып кенже қалған салаларды дамытуды қолға алған кезде жоғары технологиялар да  назардан тыс қалмаған болатын. Рас, сол кезде даму үдерісі белгілі сүрлеумен, арнайы бағдарламамен жүзеге аспағанымен өзіндік жетістіктері де болды. Жалпы, сандық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары қандай екенін білу үшін, бұл саланы   дамыту бізге береді деген сұраққа жауап беріп көрейік.

Біріншіден, сандық технологияларды үкімет органдарының қызметіне енгізсек өздеріне де тиімді және олардың қызмет көрсету деңгейі кәдімгідей жоғарылайтыны сөзсіз. Екіншіден, қарапайым тұрғындардың сандық технологияларды меңгеруі жоғарылаған сайын қажетті ақпаратқа қол жеткізу, үкіметпен байланыс орнату жағында елеулі ілгерілеушілікке жетпей қоймасы анық. Үшіншіден, ақпаратты алмасу мен сақтауда алға басарымызға күмән жоқ. Қарапайым ғана мысал, сымсыз телефондар, желілік телеарна  жасалған осындай іс-әрекеттердің жемісі. Ал енді қол жеткізген ауқымды іс-әрекетті тілге тиек етсек.  2011 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» теле-радио хабар тарату желісі іске қосылған болатын. Бүгінде ұлттық оператор қызметін пайдаланатын қолданушылардың саны миллионнан асып жығылады. Цифрлы стандартқа көшкен сәтте, еліміз бойынша  жерсеріктік  абоненттер жүйесін пайдаланушылардың саны небәрі 6300 ғана болған.  Демек, алдымен ақпарат тарату саласында цифрлы стандарттарқа көшу қолға алған бастаманың қаншалықты халыққа тиімді әрі қажет екенінінің айнымас көрсеткіші деуге болады. Бір қуантарлығы ұлттық жерсеріктік жүйені қолданушылардың 70% ауыл тұрғындары.

Ілгерілеу

Ал ІТ саласы мен цифрлы технологияларды дамытуға Қазақ елі зор күш салатынын Елбасы өзінің  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған жолдауында баяндаған болатын.

Жолдауда мемлекет басшысы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»,- деп нақты болашаққа айқын бағдар берді. Бұл үшін арнайы «Цифрлы Қазақстан» бағарламасы дайындалғанын мәлімдеді.

Цифрлы Қазақ елі

Көпшілікті елең еткізіп, қоғамда біраз талқылауға түсіп оң көзқараспен қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағарламасының алдына қойған өзіндік мақсаттары да көңіл көншітеді. Олар:

Біріншіден, бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80%­ға жеткізу. Екіншіден, тұрғындардың 95%  цифрлы xабар таратумен қамтамасыз ету.Үшіншіден, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80% дейін арттыру. Бұл үшін биылдың өзінде аталған бағдарламаның аясында елімізде 244 радио­телевизиялық станция өз жұмысын бастайды . Тіпті, бұл бағдарламаның аясында еліміздің барлық мектептерін өзіндік WI-FI жүйесімен қамтамасыз ету ойда бар көрінеді.

Осындай жоғары мақсаттарды бағындыруды көздейтін "Цифрлы Қазақстан" деген бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар.

Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.

Екінші бағыт– экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу.

Үшіншісі-мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру.

Төртінші – IT мамандарды даярлау.

Түптеп келгенде «Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын ғана емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ішкі жалпы өнімдегі IT секторының үлесін 2020 жылға дейін 5% жеткізуді жоспарлап, аталған бағытта  150 мың жаңа жұмыс орнын ашып, халықты еңбекпен қамтуды да басты назарға алып отыр. Бір саланы дамыту өз кезегінде экономиканың басқа саларына да өз пайдасын беретіні анық. Мысалы, біз жаңа жұмыс орындары пайда болып, екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматардың бәсекелестікке қабілетті мамандар қатарына қосылатынын айттық. Ал бұл жалпы  еңбек өнімділігін 37% жеткізіп, бұл салаға оң әсерін береріне талас жоқ.

Сандық техонлогия

Иә, біз сөз етіп отырған бағдарлама жай ғана дамушы елдердің шеруін жалғастырып, солармен бірге сән қуған бикештің жасағанын қайталау емес. Түпкі мақсатына терең үңіле қарасақ, бұл жерде халықтың өмір сүру деңгейін жоғары сатыға көтеру, көптеген әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуға зор мүмкіншіліктер жасау. Қала берді, Елбасы мақсат етіп қойған дамыған отыздықтың ортасынанан ойып тұрып орын алу. Сондықтан  бұл үшін тек бағдарламаның аясында халықтың үдесінен шығу үшін еңбек ете қажет.