ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мамандық әліппесі

2017 жылдың 24 ақпанында кітапхананың ғылыми-көпшілік әдебиеті бөлімінде кездесу циклі аясында «Мамандық әліппесі» деген тақырыппен іс-шара өтті.

Кездесуге №11 мектептің 11 сынып оқушылары шақырылса, қонақ ретінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушысы, әлеуметтік-гуманитарлық тәртіп кафедрасының профессоры — Видершпан Александр Валерьянович, сондай-ақ академияның 2 курс студенттері атсалысты.

Әңгіме барысында балалар полицей мамандығы туралы көптеген қызықты мәлімет алып қана қоймай, Академияда оқу мен қабылдау ережелері жайлы да білді.

Мұндай шаралардың мақсаты — түрлі маман өкілдерімен балаларды кездестіру және жұмыстың қыр-сыры ерекшеліктерін білуге мүмкіндік беріп, болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету.

https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6393156824134125377?authkey=CKLZ5ZnMgebtXQ