ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу ортақ іс

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының бесінші басымдықты іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтауға және жоюға бағытталған шаралар кешені жүргізілуде.

Аталған мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмте істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің арасындағы ынтымақтастық туралы жол картасының жобасы әзірленген болатын.

2017 жылдың 3 наурызда «Нұр Отан» партиясының алаңында партияның филиалдық жүйесінің және Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен бейне-конференц байланысы режимінде Жол картасына қол қою рәсімі өткізілді.

Шарада Агенттікпен жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін талқылау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүргізу ұсынылды.