ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мемлекеттік қызмет жөніндегі ғылыми басылым халықаралық кітаптар каталогына енгізілмек

2017 жылдың 1 наурызда (сәрсенбі) сағат 15:00-де Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ғылыми кеңестің ұсынысымен баспаға берілген  «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйелері» атты кітаптың тұсаукесері өткізіледі.

Оқу құралының авторы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары, социология ғылымдарының кандидаты Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы. Оқу құралы Алматы қаласында «Бастау» баспасында басылып шығарылды.

Кітаптың тұсаукесеріне мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.