Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін «Хочу арбат» өнер алаңының екінші күні өтуде.

Бүгін "Керуен" ойын-сауық орталығында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған "Хочу арбат" өнер алаңының екінші күні өтуде. Екі бөлімнен тұратын өнер алаңы қала тұрғындарының назарына "Климаттың өзгеруі" атты фотокөрме мен қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесін ұсынып отыр. Ұлттық киім мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі әсіресе жастардың қызығушылығын тудыруда. Ұлттық ою бейнеленген жейде мен қазақы нақыштағы сөмкелер ең көп сатылған тауарлар қатарында.

Сонымен қатар, өнер алаңы аясында киізден киім тігу және қыш құмыра жасау бойынша тегін шеберлік сыныптары ұйымдастырылған.
Көрме қонақтары ұлттық бұйымдарды тамашалай жүріп қазақтың дәстүрлі әндерін тыңдай алады.

"Хочу арбат" өнер алаңы 21-наурызға дейін жалғасады. Таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін көрме қонақтарына үзіліссіз қызмет көрсетеді.

0
0
438

Осы тақырып бойынша