ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
2

«Сергей Маслов. Жұлдызды көшпенді» атты сурет көрмесі өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақстандық суретші Сергей Масловтың көрмесі өтуде. №2 Заманауи өнер залында суретшінің әр түрлі жанр мен техникадағы сурет, графика, мәтін, инсталляцилар, сонымен қатар көркем іс-шараның видеолары қойылған. Көрмеге келушілер саны бүгін әдеттегіден көбірек.

Осы көрме арқылы музей өз елінде емес, шетелдерде танылған қазақстандық суретшілердің шығармашылығын насихаттау жобасын әрі қарай жүзеге асыруда. "Сергей Маслов. Жұлдызды көшпенді" көрмесі суретшінің жеке ізденісі мен Қазақстанның заманауи өнерге қосқан үлесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Көрме наурыздың 31-не дейін жалғасады.

Айта кетейік, суретшінің көрмесі Бішкек, Берлин, Веймар қалаларында көрсетілген. Оның туындалары ҚР Ұлттық музейі, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында және Қазақстан мен шетелдердегі жеке жинақтарда сақталған.