ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолдауының 5-ші басымдығы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу шараларын күшейту мен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында өңірдің әр тұрғынына жемқорлықтың залалдарын жеткізу үшін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО департаментімен «Есіктен есікке» акциясы оздырылуда.

Акция аясында Агенттіктің call орталығының нөмірі көрсетілген арнайы жаднмалар мен плакаттар жасалды, олар мемлекеттік органдарда, қоғамдық көліктерге орналастырылады, коммуналдық қызмет көрсету түбіртектеріне және адамдар көп жиналатын жерлерде таратылады.

18 наурыз күні Департамент өкілдері және «Темір-Бүркіт» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенділері «Есіктен есікке» акциясы аясында жаднамаларды үйлестірді.