Ұсыныс - поезд бен вагонды ескі де нақты сөздермен атау
Ассалау-мағалейкүм құрметті қауым. Менің сіздерге ескі де нақты қазақтың сөздерімен мына атауларды ұсынып сарапқа салғым келеді: 1) Поезд деген сөзді қазақтың көне сөзімен Керуен - деген атауды ұсынамын. Өйткені поезді ойлап тапқанда, алдымен керуенге қарап шығарған. Бұрынғы заманда керуендегі көшті құрап тұрған түйе, бұқа, аттарды арқанмен бір-біріне байлап жалғап тұрған. Қазірде бұндай құрамды біз поездан байқауға болады. 2) Вагон деген сөзді қазақтын көне сөзімен Көш - деген атауды ұсынамын. Өйткені керуенді құрап тұрған көш саны. Сонымен қатар қазіргі заманда ағылшын тілінде вагонды Couch деп атайды, яғни Көш сөзбен атайды. Біздің ата-бабаларымыз көшіп жүргенде олар Еуропаға дейін жеткенде, ол жердің адамдары арбаларға тиеліп тұрған зат мүлүктерге қарап, бұл не беп сұрағанда, ата-баба…
