Мазмұнға өту

Жаңа

Көздеріңді сағындым, ғашық болған

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Дмитрий Метлицкий «Dreams»

Бейнематериал авторы – Робин Жээнтаев

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Көздеріңді сағындым, ғашық болған,

Сөздеріңді сағындым, мас қылдырған.

Сол күндерді сағындым, нұрын шашқан,

Махаббаттың әлеміне, жол ашқан.

Бақытымсың, сен менің, артта қалған,

Қиялымсың, сен менің, армандатқан.

Сыңарымсың, жалт етіп, бұйырмаған,

Тағдырымсың, қиялда адастырған.

Мүмкін мендей, сен мені, ойламайсың,

Жалғыз қалсаң, еске алып, жабықпайсың.

Еске алмайсың, мүмкін сен, сағынбайсың,

Ал сағынсаң, неге амалды, таппайсың.

2
0
960

Құрметті ханымдар!

Әйелдер құқықтарын қорғауға үндеген саяси науқан түрінде басталған 8 наурыз мейрамы Қазақстанда айрықша идеологияға ие. Бұл – әйел болмысына тән ізгі қасиеттерді құрметтеп, алғыс білдіретін тамаша мереке.Айтулы мереке қарсаңында әрбір отбасы мен еңбек ұжымында барлық ер азаматтар аяулы аруларды құттықтап, оларға сый-құрмет көрсетуге тырысады. Осы арқылы біздер қоғамда әйелдердің алар орнын, сан қырлы қадір-қасиетін атап өтеміз. Әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, шаңырақтың ұйытқысы болса, екіншіден, өз жұмысын жақсы атқарып, жоғары жетістіктерге қол жеткізетін жауапты маман, білікті басшы.Мемлекет басшысы гендерлік саясатқа зор мән беріп келеді. Республикада осы бағытта құрылған Ұлттық комиссия белсенді жұмыс атқаруда, отбасы мен әйелдердің маңызды рөлін айшықтайтын жаңа мерекел…

0
0
322

Алтын менің бесігім, туған елім!

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Дмитрий Метлицкий «Экспромтом»Бейнематериал авторлары – SAAS "Presentation of Kazakhstan"The Lost Avocado "Lost in Kazakhstan"Өңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыВконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzАлтын менің бесігім, туған елім,Сен үшін деп соғады, мынау жүрегім.Жарық күннен, амандығын тіледім,Аман болсын, менің халқым, тірегім.Жүрсемдегі, шалғайда, мейлі алыста,Күндіз – түні ойымнан, бір шықпайсың.Жусан иіспен, мөлдір аққан бұлақта,Тауларыңмен, мәңгі мені баурайсың.Қандай бақыт, елім бар деп, айта алсам,Қазы – қарта, қымызым, бар домбырам.Ата – бабам руһы бар, күш тұмарым,Сенің арқаң бүгінгі, амандығым.Кір келтірсе біреулер, намыстанам,Айтып қалса жылы сөз, мың қуанам.Алтын менің бесігім, киелі анам,Қазақстаным, бір…

1
0
1224

Жәй ғана теңеу

Мен біраз жылдан бері есепші болып жұмыс істеймін. Және менің есепшілік тәжірибемнің көп бөлігі құнды қағаздармен айналысумен өтті. Сол тәжірибеме сүйеніп, адамның екінші жартысы(вторая половинка) мен құнды қағаздар арасында мынандай теңеу жасамақшымын.Кез-келген үлкен компания өз есебін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша жүргізу керек. Сондай стандарттардың бірі құнды қағаздар туралы. Сол стандарт бойынша құнды қағазды өз инвестициялық портфеліне сатып алған компания, ол құнды қағазды төмендегідей үш категорияның біреуіне жатқызу керек: 1) амортизацияланған құны бойынша есептелетін немесе өтеуге дейін ұсталатын құнды қағаздар. Бұл категорияға компания сатуға арналмаған, яғни мерзімі біткенше ұстайтын құнды қағаздар кіреді. Әрине сатуға болады, тек өте сирек, жәнк бұл…

1
0
611

Егер мен мүлдем жоқ болсам...

Кішкенеден кейін жұлдыздар жарқырап, ай шығады да, тыныш күздік өрістердің үстімен тербетіліп жүреді. Содан кейін ай орманға кіреді, ең биік ағаштың басына жабысып кішкене тұрады. Осы кезде оны Аю мен Кірпі көреді.- Қара, -дейді Кірпі.- Угу, -дейді Аю. Ал ай болса одан да биігірек көтеріліп, өзінің суық түтікті жарығымен бүкіл жерді бояйды.Суық күздің әр кеші осылай өтетін. Және әр кеш Кірпі мен Аю Аюдың немесе Кірпінің үйінде кездесіп, бір нәрселер туралы әңгімелесетін. Бүгін де Кірпі Аюға былай деді: - Бір бірімізде болғанымыз қандай жақсы. Аю басын изеді.- Елестетіп көрші: мен жоқпын, сен жалғыз отырсың, сөйлесетін ешкім жоқ.- Ал сен қайдасың?- Ал мен жоқпын.- Олай болмайды.- Мен де солай ойлаймын,- деді Кірпі. - Бірақ кенеттен - мен жоқпын. Сен жалғызсың. Сен не істейсің?-Саған барамы…

1
0
1427

Сүю деген, неткен ғажап, о неткен...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Романс»

Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сері күннен іздедім, атқан таңнан,

Кері түннен іздедім, түнгі айдан.

Мұң бесіктен тербеткен, көрдім әннен,

Жүрегімнен іздедім, бір сен деген.

Самал желден іздедім, сыбыр қаққан,

Сары күзден іздедім, жапырақ шашқан.

Тамшылардан іздедім, нұр жауыннан,

Шыққан күннен іздедім, көк аспаннан.

Аспандағы құстарға, самғап өткен,

Мен ұқсаттым өзіңді, күлім деген.

Сүю деген, неткен ғажап, о неткен,

Бақытты ғой, дәмін татып, үлгерген.

0
0
523

Мен психологияны қалай түсінемін

Психологияның әркім өзінше түсінеді деп ойлаймын. Ол да психологияның айтатын әр адамның индивид екендігінде дәлел. Мен психологияны математика, физика, биология сияқты ғылым ретінде емес, адамның жеке дамуы мен өзін жақсы сезінуіне көмектесетін ғылым ретінде қараймын. Психология мен үшін өмірімде үлкен өзгерістер алып келіп жатқанын нақты айта аламын. Олай дейтінім адамдар қашанда бақытқа қарай ұмтылады, бірақ бақыттың не екенін білмеуі мүмкін. Психологиялық жазбалар мен кітаптар оқи бастап, бақыт деген дәл қазіргі сәт екеніне, бақыт деген сатып алатын нәрсе емес ол менің жай күйім екенін түсіне бастадым. Жеке өзімді қарастырар болсам, менде бәрі де өз уақытымен кезеңімен болып жатты. Қолыма алғым келген қызыл дипломымды алдым, одан кейін магистратураға түсе саламын деген ой болды. Бірақ…

0
0
25798

Қазақстандық судьялар делегациясы Сингапурда іссапарда болды

Сапардың мақсаты – сот жүйесінің жұмысына цифрлық технологияларды енгізу бойынша тәжірибені зерделеу. Сапар шеңберінде Жақып Асанов Сингапурдың Жоғарғы Сотының Төрағасы Сундареш Менонмен, Бас прокурор Люсьен Вонгпен, мемлекеттік соттардың төрағалық етуші судьясы Си Ки Унмен, Медиация мен арбитраждың халықаралық орталығының басшылығымен және Соттарды жетілдіру жөніндегі халықаралық консорциумның өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында Ж.Асанов Қазақстан мен Сингапур арасындағы қарым-қатынастың дамуының оң динамикасын айта келе, екі мемлекеттің сот органдарының одан әрі табысты ынтымақтастығына сенім білдірді.Сингапурлық тарап ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Ұлт Жоспары шеңберінде Қазақстанның сот жүйесін қол жеткізген негізгі нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар, Сот жүйесін дам…

0
0
477

Айтшы сезім, бос қиялдан, не таптым?

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Ernesto Cortazar “Hurts to forget you”Бейнематериал авторы – Татьяна ЯкушӨңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыВконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzЖағаласып жатады, ақылменен,Баурап алып көңілді, сезім деген.Құлақ түріп, бір ақылға көнбеген,Мың қиялға батырды-ау, сезім деген.Апарасың, соқтырып, мені қайда,Белестерге, тауларға, жаңа жолға.Айтшы сезім, тұрағың, сенің қайда?Сонда барып қонайын, тауып жаға.Ұрладың-ау ұйқымды, маза бермей,Мұңға салып өртедің, оттай жандым.Сан қиялға апарып, мүлдем көнбей,Айтшы сезім, бос қиялдан, не таптым?Шоққа айналып қалғанда, от қыласың,Ұмытқанда, еске салып, қинайсың.Заңға көнбей, мойындатып жатасың,Жарылық салып, жүрекке, әміріңмен.Үйреттің-ау өзіңе, болмадың жат,Қиындыққа төзідім, бір ө…

1
0
743

Көрінбейтін проблема

Университет қабырғасына түскен кезде мектепті бірге бітірген сыныптасым дебатқа барайық деп шақырды. «Маған ағам айтты, онда өте пайдалы және қызықты» деген сөздерінен кейін мен де көрейін деп бел будым. Сол кезде, университет қабырғасында аты шулы болып жүрген пікірсайыс клубы бар еді және басқа да студенттердің шағымдануына қарамастан біз отырысына бардық. Отырысқа келгенде адам көп болды, барлығы қызу талқылауда болды және тақырып берілген кезде кабинетіміз бен позициямызды әрең жазып алып, дайындыққа кеттік. Тақырып әйелдерге парламентте квота беру туралы болды. Досымыз екеуіміз үкімет жағында әйелдер саясатта әлсіз, түк білмейді және оларды үйрету керек деген аргументпен тақырыпты жақтауды жөн көрдік. Талқылау үстінде әріптесім: «мүмкін мына қарар әйелдер дискриминациясы туралы» деп…

0
0
638