Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті ханымдар!

Әйелдер құқықтарын қорғауға үндеген саяси науқан түрінде басталған 8 наурыз мейрамы Қазақстанда айрықша идеологияға ие.  Бұл – әйел болмысына тән ізгі қасиеттерді құрметтеп, алғыс білдіретін тамаша мереке.

Айтулы мереке қарсаңында әрбір отбасы мен еңбек ұжымында барлық ер азаматтар аяулы аруларды құттықтап, оларға сый-құрмет көрсетуге тырысады. Осы арқылы біздер қоғамда әйелдердің алар орнын, сан қырлы қадір-қасиетін атап өтеміз. Әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, шаңырақтың ұйытқысы болса, екіншіден, өз жұмысын жақсы атқарып, жоғары жетістіктерге қол жеткізетін жауапты маман, білікті басшы.

Мемлекет басшысы гендерлік саясатқа зор мән беріп келеді. Республикада осы бағытта құрылған Ұлттық комиссия белсенді жұмыс атқаруда, отбасы мен әйелдердің маңызды рөлін айшықтайтын жаңа мерекелік күндер белгіленуде. Солардың қатарында Аналар күні мен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын атап өтуге болады. Ана мен баланы әлеуметтік қорғау мемлекеттің айрықша қамқорлығына алынған.

Сот жүйесі үшін 8 наурыз ерекше рәсімдік маңызға ие мереке. Бүкіл әлемде әйелдің ежелден сот әділдігінің символы саналуының өзіндік мәні бар. Бүгінде судьялар қауымдастығы мен сот қызметкерлерінің 60 пайызға жуығын әйелдер құрайды. Бұл әйелдердің табиғатынан тараптарды байыпты түрде тыңдап, істің мән-жайына терең бойлап, әділ шешім қабылдай алуымен байланысты болса керек. Бұл қасиеттердің барлығы адамдармен жұмыс істеудің және дауларды шешудің кепілі.

Сіздерді көктемнің осы тамаша мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт тілеймін! Әрдайым шаңырақтарыңызда құт-береке орнап, бастаған істеріңізге сәттілік серік болсын!

http://sud.gov.kz/kaz/news/kurmetti-hanymdar-3

0
0
274

Осы тақырып бойынша