Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.Мәдени шараның мақсаты - қазақ өнерінің қара шаңырағы, ғасырға жуық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры музейінің 55 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Музей түні» іс-шарасы қарсаңында қара шаңырақтың өнер белестерін, белгілі өнер тұлғаларының майлы бояумен салынған портреттерін, әртүрлі қойылымдарда киген ірі тұлғалардың тері сіңген сахналық киімдерін, марапаттарын, медальдарын, алғыс хаттарын, қолданған бұйымдарын, әр спектакльдерден түсірілген суреттерін, баспасөз басылымдарына шыққан мақалаларын, зерттеулерін, эсселер мен очерктерін, т.б. жинақталған құнды жәдігерлермен өнер сүйер қауым мен өскелең ұрпақтарға т…
