Соттарға кіру жөнінде жаңа қағидалардың жобасы әзірленді
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөнінде жаңа қағидалардың (бұдан әрі - Қағидалар) жобасын әзірлеу жұмысын жүргізуде.Қағидалар жобасы Жоғарғы Сотқа келіп түскен адвокаттар қоғамдастығының және сот процесіне басқа да қатысушылардың көзқарастары ескеріле отырып жасалды. Қағидалардың жаңа тармақтарының бірінде соттардың ғимараттарына келетін сот процестерін…
