Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көздеріңді сағындым, ғашық болған

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Дмитрий Метлицкий «Dreams»

Бейнематериал авторы – Робин Жээнтаев

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Көздеріңді сағындым, ғашық болған,

Сөздеріңді сағындым, мас қылдырған.

Сол күндерді сағындым, нұрын шашқан,

Махаббаттың әлеміне, жол ашқан.

Бақытымсың, сен менің, артта қалған,

Қиялымсың, сен менің, армандатқан.

Сыңарымсың, жалт етіп, бұйырмаған,

Тағдырымсың, қиялда адастырған.

Мүмкін мендей, сен мені, ойламайсың,

Жалғыз қалсаң, еске алып, жабықпайсың.

Еске алмайсың, мүмкін сен, сағынбайсың,

Ал сағынсаң, неге амалды, таппайсың.

2
0
905

Осы тақырып бойынша