Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Айтшы сезім, бос қиялдан, не таптым?

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Hurts to forget you”

Бейнематериал авторы – Татьяна Якуш

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Жағаласып жатады, ақылменен,

Баурап алып көңілді, сезім деген.

Құлақ түріп, бір ақылға көнбеген,

Мың қиялға батырды-ау, сезім деген.

Апарасың, соқтырып, мені қайда,

Белестерге, тауларға, жаңа жолға.

Айтшы сезім, тұрағың, сенің қайда?

Сонда барып қонайын, тауып жаға.

Ұрладың-ау ұйқымды, маза бермей,

Мұңға салып өртедің, оттай жандым.

Сан қиялға апарып, мүлдем көнбей,

Айтшы сезім, бос қиялдан, не таптым?

Шоққа айналып қалғанда, от қыласың,

Ұмытқанда, еске салып, қинайсың.

Заңға көнбей, мойындатып жатасың,

Жарылық салып, жүрекке, әміріңмен.

Үйреттің-ау өзіңе, болмадың жат,

Қиындыққа төзідім, бір өзіңде.

Бар білерім, ақыл менен парасат,

Бұғынады-ау, шын сезім, келгенінде.

1
0
682

Осы тақырып бойынша