Егер мен мүлдем жоқ болсам...
Кішкенеден кейін жұлдыздар жарқырап, ай шығады да, тыныш күздік өрістердің үстімен тербетіліп жүреді. Содан кейін ай орманға кіреді, ең биік ағаштың басына жабысып кішкене тұрады. Осы кезде оны Аю мен Кірпі көреді.
- Қара, -дейді Кірпі.
- Угу, -дейді Аю. Ал ай болса одан да биігірек көтеріліп, өзінің суық түтікті жарығымен бүкіл жерді бояйды.
Суық күздің әр кеші осылай өтетін. Және әр кеш Кірпі мен Аю Аюдың немесе Кірпінің үйінде кездесіп, бір нәрселер туралы әңгімелесетін. Бүгін де Кірпі Аюға былай деді:
- Бір бірімізде болғанымыз қандай жақсы. Аю басын изеді.
- Елестетіп көрші: мен жоқпын, сен жалғыз отырсың, сөйлесетін ешкім жоқ.
- Ал сен қайдасың?
- Ал мен жоқпын.
- Олай болмайды.
- Мен де солай ойлаймын,- деді Кірпі. - Бірақ кенеттен - мен жоқпын. Сен жалғызсың. Сен не істейсің?
-Саған барамын.
-Қайда?
-Қалай - қайда? Сенің үйіңе. Келемін де "Сен неге бүгін келмедің, Кірпі?" деймін. Ал сен маған...
-Әй ақымақ! Егер мен жоқ болсам, мен саған не деп жауап беремін?
-Егер сен үйде болмасаң, яғни сенің маған кеткенің. Үйге қайтып келемін. Ал сен осында боласың. Содан кейін бастаймын...
-Нені?
-Ұрыса бастаймын!
- Не үшін?
-Қалайша не үшін? Келіскеніміздегідей жасамағаның үшін.
-Қалай келісіп едік?
-Мен қайдан білейін? Бірақ сен менің үйімде, не өз үйіңде болу керек едің.
-Бірақ мен мүлдем жоқпын. Түсінесің бе?
-Сен міне отырсың ғой!
-Мен қазір отырмын, егер мен мүлдем жоқ болсам, мен қайда боламын?
-Менің, немесе өз үйіңде.
-Егер мен бар болсам, солай болады.
-Иә, - деді Аю.
-Ал егер мен мүлдем жоқ болсам ше?
- Онда сен өзенде отырып, айға қарап отырсың.
- Өзенде де жоқпын.
-Онда сен бір жерге кетіп, әлі оралмадың. Мен жүгіріп, сені бүкіл орманнан іздеп, тауып аламын!
-Сен барлық жерді іздеп шықтың, - деді Кірпі. - Бірақ таппадың.
-Көрші орманға барамын!
- Онда да жоқпын.
- Барлығының астан-кестенін шығарамын, сен табыласың!
-Мен жоқпын. Мен еш жерде жоқпын.
-Онда, онда... Онда мен өріске шығамын да, - деді Аю, қатты айқайлаймын: "Кі-і-і-ір-піііі!", сен естисің де: "А-ю-ю-ю!" дейсің. Солай.
-Жоқ, - деді Кірпі. - Мен мүлдем жоқпын. Түсінемісің?
-Сен не маған тиісіп жатырсың? - деп ашуланды Аю. - Егер сен жоқ болсаң, мен де жоқпын. Түсіндің бе?
-Жоқ, сен барсың, ал мен жоқпын. Аюдың көңілі түсіп, үнсіз отырды.
-Аю?...Аю жауап бермеді.
Ол айдың биік көтерліп, өзінің суық жарығын Кірпі екеуіне төккенін қарап отырды.
