Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сүю деген, неткен ғажап, о неткен...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Романс»

Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сері күннен іздедім, атқан таңнан,

Кері түннен іздедім, түнгі айдан.

Мұң бесіктен тербеткен, көрдім әннен,

Жүрегімнен іздедім, бір сен деген.

Самал желден іздедім, сыбыр қаққан,

Сары күзден іздедім, жапырақ шашқан.

Тамшылардан іздедім, нұр жауыннан,

Шыққан күннен іздедім, көк аспаннан.

Аспандағы құстарға, самғап өткен,

Мен ұқсаттым өзіңді, күлім деген.

Сүю деген, неткен ғажап, о неткен,

Бақытты ғой, дәмін татып, үлгерген.

0
0
459

Осы тақырып бойынша