Қазақстандық судьялар делегациясы Сингапурда іссапарда болды
Сапардың мақсаты – сот жүйесінің жұмысына цифрлық технологияларды енгізу бойынша тәжірибені зерделеу.
Сапар шеңберінде Жақып Асанов Сингапурдың Жоғарғы Сотының Төрағасы Сундареш Менонмен, Бас прокурор Люсьен Вонгпен, мемлекеттік соттардың төрағалық етуші судьясы Си Ки Унмен, Медиация мен арбитраждың халықаралық орталығының басшылығымен және Соттарды жетілдіру жөніндегі халықаралық консорциумның өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Ж.Асанов Қазақстан мен Сингапур арасындағы қарым-қатынастың дамуының оң динамикасын айта келе, екі мемлекеттің сот органдарының одан әрі табысты ынтымақтастығына сенім білдірді.
Сингапурлық тарап ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Ұлт Жоспары шеңберінде Қазақстанның сот жүйесін қол жеткізген негізгі нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар, Сот жүйесін дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде қазақстандың сот төрелігінің одан әрі жаңғыртудың негізгі мақсаты мен міндеті ашып көрсетілді.
Кездесулер барысында Ж.Асанов сот төрелігі жүйесіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу соттардың тиімділігіне септігін тигізеді және қоғамның оларға деген сенімін арттыратындығын айта келе, сот процесін цифрландырудың маңыздылығына баса назар аударды.
С.Менон Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот жүйесін жаңғыртуға жоғары бағасын берді және әріптесіне Сингапурға келгені үшін алғысын білдірді. Ол сингапурлық тараптың сот төрелігі жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу саласындағы тәжірибесімен толықтай бөлісуге, сондай-ақ екі елдің сот қауымдастығы арасындағы қарым-қатынасты әзір екенін жеткізді.
Ж.Асанов пен С.Менон Қазақстанның Консорциумға енуі бойынша екі жақты дайындық жұмыстарын бастауға, сондай-ақ Қазақстанда Татуласу орталығын ашу мен дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды өткізуге келісті. Сонымен қатар, тараптар соттарды бағалау әдісін енгізу бойынша техникалық көмек көрсету және Консорциум жұмысы шеңберінде олардың тиімділігін арттыру үшін Сингапур мемлекеттік соты өкілдерінің ағымдағы жылы Астана қаласына іссапарын ұйымдастыруға келісті.
Бас прокуратурадағы кездесуде Люсьен Вонг қазақстандық делегацияны өз ведомствосы қызметінің негізгі бағыттарымен қысқаша таныстырып өтті. Ол Стнгапурда әзірге енгізілмеген, Қазақстандағы электрондық қылмыстық және әкімшілік іс қағаздарын жүргізуді зерделеуге қызығушылықтарын білдірді.
Қазақстандық судьялар Халықаралық коммерциялық соттың және Сингапурдың Жоғарғы Сотындағы іс басқармасының (кейс менеджмент) ақпараттық технологияларды қолдану қызметімен танысты. Сингапур мемлекеттік соттарындағы сот медиациясы бойынша тәжірибесі, сондай-ақ медиация және арбитраж бойынша жеке ұйымдардың атқарылған жұмыс көлемі зерделенді.
Меймандар сингапурдағы отбасылық сот, мұқтаждарға көмек беретін отбасыны, балаларды қорғау орталығының қызметімен танысты. Шұғыл, оның ішінде жол көлік апаты мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты істерді сғат 18.00-ден бастап аптасына 4 рет қарайтын түнгі (кешкі) соттар қызметінің ерекшеліктері зерделенді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында екі ел соттарының байланысын одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.
http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstandyk-sudyalar-delegaciyasy-singapurda-issaparda-boldy
