Мазмұнға өту
begimk

begimk

Сайтта 2017 ж. 9 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

15

пікірлер

2

тіркелуші

10

жазылымдар

0

Жәй ғана теңеу

Мен біраз жылдан бері есепші болып жұмыс істеймін. Және менің есепшілік тәжірибемнің көп бөлігі құнды қағаздармен айналысумен өтті. Сол тәжірибеме сүйеніп, адамның екінші жартысы(вторая половинка) мен құнды қағаздар арасында мынандай теңеу жасамақшымын.Кез-келген үлкен компания өз есебін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша жүргізу керек. Сондай стандарттардың бірі құнды қағаздар туралы. Сол стандарт бойынша құнды қағазды өз инвестициялық портфеліне сатып алған компания, ол құнды қағазды төмендегідей үш категорияның біреуіне жатқызу керек: 1) амортизацияланған құны бойынша есептелетін немесе өтеуге дейін ұсталатын құнды қағаздар. Бұл категорияға компания сатуға арналмаған, яғни мерзімі біткенше ұстайтын құнды қағаздар кіреді. Әрине сатуға болады, тек өте сирек, жәнк бұл…

1
0
555

Егер мен мүлдем жоқ болсам...

Кішкенеден кейін жұлдыздар жарқырап, ай шығады да, тыныш күздік өрістердің үстімен тербетіліп жүреді. Содан кейін ай орманға кіреді, ең биік ағаштың басына жабысып кішкене тұрады. Осы кезде оны Аю мен Кірпі көреді.- Қара, -дейді Кірпі.- Угу, -дейді Аю. Ал ай болса одан да биігірек көтеріліп, өзінің суық түтікті жарығымен бүкіл жерді бояйды.Суық күздің әр кеші осылай өтетін. Және әр кеш Кірпі мен Аю Аюдың немесе Кірпінің үйінде кездесіп, бір нәрселер туралы әңгімелесетін. Бүгін де Кірпі Аюға былай деді: - Бір бірімізде болғанымыз қандай жақсы. Аю басын изеді.- Елестетіп көрші: мен жоқпын, сен жалғыз отырсың, сөйлесетін ешкім жоқ.- Ал сен қайдасың?- Ал мен жоқпын.- Олай болмайды.- Мен де солай ойлаймын,- деді Кірпі. - Бірақ кенеттен - мен жоқпын. Сен жалғызсың. Сен не істейсің?-Саған барамы…

1
0
1373

Уинстон Черчилльдің дәйек сөздері

***Егер сіз тозақ арқылы жүрсеңіз - жүре беріңіз, тоқтамаңыз.***Кез келген құлдырау - ол жаңа мүмкіндіктер.***Ақылды адам қатенің барлығын өзі ғана жасамайды -ол басқаларға да мүмкіндік береді.***Табыс- бір сәтсіздіктен екінші сәтсіздікке ынтаны жоғалтпай жылжу қабілеті.***Өз пікірін ешқашан өзгертпейтін адамдар - ақымақтар.***Билік есірткі секілді. Бір рет дәмін тартып көрген адам онымен мәңгі уланады.***Денсаулық пен байлық емес, сәттілік тілеңдер. Титаникте барлық адам дені сау және бай болды, ал сәтті адамдар аз ғана болды.***Кез келген дауда сіздің сөзіңіздің соңғы болғанын қалайсыз ба? Қарсыласыңызға"Сіздікі дұрыс" деп айтыңыз.***Төрт баланы тәрбиелегеннен гөрі елді басқару оңайырақ.***Біз үлкен оқиғалар мен кішкентай адамдар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.***Пессимист әр мүмкіндікте…

2
0
1572

Сен қайтесің?

Сен қайтесің жаныңды мұң басқанда?

Өз-өзіңмен оңаша сырласқанда?

Ақтарылғым келеді барып менің,

Өгейсінген өзімдей мұңдастарға.

***

Сен нетесің сондай бір сәттеріңде?

Мұңның шаңы іліксе пәк көңілге?

Қараймын да отырам ондайда мен,

Қалам ізі түспеген дәптеріме.

***

Жалғаның да қалады,

Арманым да,

Не боп жатыр білмеймін жан-жағымда.

Басқа жүрек соға ма, түсінбеймін,

Бар жүректің мендегі ар жағында.

***

Мұңайғым да келмейді, қуанғым да,

Тасыдым ба, білмеймін суалдым ба?!

Көктедім бе, білмеймін қуардым ба?!

Сұрақ белгі әйтеуір тұр алдымда.

***

Мұң да қалып жайына,

Жыр да қалып,

Отырамын қаламды қынға малып.

...Кезіп кеткім келеді кең өлкені,

Кер бестісін біреудің ұрлап алып.

7
2
2999

Бақыт рецепті

***

Бақыттың өлшемі, жарамдылық мерзімі болмайды. Бақыт көп немесе аз болмайды. Бірақ мен бір нәрсені нақты білемін: бақыт бар. Бізде, біздің айналамызда.

***

Кейбір адамдарды басқалармен бөліскің келмейді. Оларды жібергің келмейді.

***

Біз бәріміз қызықпыз. Мәңгі бір нәрсені күтіп өмір сүреміз. Қыстың күні ойымызда жазды тездетіп, жазда күзді сағынамыз. Уақыт аралығына көп үміт артып, осы сәтпен өмір сүруді үйрене алмай келеміз.

***

Ешқашан төзімділігіңді жоғалтпа. Қараңғы түннен кейін әрдайым таң атады - басқаша болуы мүмкін емес. Сондықтан ең бастысы - күте білу, асығыстықпен шешім қабылдамау.

***

Ең басты нәрсеге кітап емес, өмір үйретеді.

***

1
0
1103

Маргарет Тэтчер. Дәйек сөздер

***

Егер әйел мінез көрсетсе, ол туралы "жаман әйел" деп айтады. Егер еркек мінез көрсетсе, ол туралы "жақсы жігіт" деп айтады.

***

Ешқашан берілме, және сен басқалардың беріліп жатқанын көресің.

***

Үй әйел әлемінің шекарасы емес, орталығы болу керек.

***

Ешқандай да мемлекеттік ақша жоқ, тек салық төйлеушілердің ақшасы бар.

***

Әрдайым адамның көзіне қара, сонда олар сені есте сақтайды.

***

1
0
647

Тереза ана. Дәйек сөздер

***Отбасын құру үшін сүю жеткілікті, ал оны сақтап қалу үшін төзімділік пен кешірімділікке үйрену қажет.***Бақыт үшін ешқандай да кілттің қажеті жоқ. Оның есігі әрдайым ашық.***Саған келген адамның барлығы сенен кеткенде жақсырақ және бақыттырақ болып кетсін.***Егер сіз әлемді бақытты еткіңіз келсе, үйге барып, отбасыңызды бақытты етіңіз.***Сіз туралы кімнің не айтып жатқаны маңызды емес - барлығын жымиып қабылдаңыз да, өз ісіңізбен айналысуды жалғастыра беріңіз.***Адамдарға нанға қарағанда махаббат көбірек жетіспейді, және ол ең жаман аштық.***Мен бір нәрсені нақты білемін: егер адамдар бір - бірін қаттырақ жақсы көргенде, біздің өміріміз әлдеқайда жақсырақ болушы еді.***Жалғыздық пен ешкімге керегіңнің жоқ екенін сезіну - кедейшіліктің ең қорқынышты түрі. ***Адамдар көбінде ақымақ, тәка…

1
0
2736

Егер мен жігіт болсам

***Егер мен жігіт болсамТым болмағанда бір күнгеТаңертең төсегімнен тұрыпҚалаған киімімді киіпБалалармен сыра ішугеКетуші едімҚыздардың артынан жүгіруші едімКіммен қыдырғым келсе, сонымен Қыдырып жүре беруші едімЖәне маған ешкім ешнәрсе айтпайКерісінше қолдаушы едіЕгер мен жігіт болсамҚызды сүю дегеннің Не екенін түсінуші едімМен ең керемет жігіт болушы едімҚызымды тыңдаушы едімСебебі сүйіктіңді жоғалтудың Не екенін мен жақсы білемінОл (жігіт) сені солай қабылдадыЖәне екеуіңнің араларыңдағыБарлық затты бұздыЕгер мен жігіт болсамТелефонымды сөндіріп тастапБәріне ол сынып қалды деп айтушы едімБарлығы мені жалғыз Ұйқтады деп ойлау үшінӨзімді бірінші орынға қоюшы едімМенің ережелеріммен жүргізуші едімСебебі ол маған адал екенінЖәне мені үйге қашан келеді екен депКүтіп отыратынан білемін ***If…

3
2
751

Түнгі бейтаныс адамдар(Фрэнк Синатра)

Түнгі бейтаныс адамдарБір біріне көз салдыТүн біткенше махаббатты бөлісугеМүмкіндік бар ма деп ойлапКөздерің мені ерекше шақырдыАл күлкің сенің мені тербеттіЖүрегім менің сен мендік болу керексің деді Түнгі бейтаныстар, екі жалғыз адамБірінші рет сәлемдескенге дейінЕкеуміз бейтаныстар болдықБіз ешнәрсе білмедікМахаббат тек қысқа көзқарас пенБидегі ыстық құшақ болдыСол түннен кейін Біз бірге болмадықБір көргеннен Және мәңгілікке ғашықБолдық Түнгі бейтаныс адамдарғаОл сондай ыңғайлы болды ***Strangers in the nightExchanging glances Wond'ring in the night What were the chances we'd be sharing love Before the night was through. Something in your eyes was so inviting, Something in your smile was so exciting, Something in my heart, Told me I must have you. Strangers in the night, two lonely peo…

3
0
508

Маған сені уәде еткен. Эльчин Сафарли. Дәйек сөздер

***Ең үлкен бақытсыздық - өткеніңде бақытты болу.***Көмек күту қарыз алғанмен тең. Өзің жасаған оңайырақ.***"Сенің" адамдарың сен қанша жыласаң да, қаншалықты айқайласаң да, тіпті жоқ болып кетсең де, әрдайым сенімен бірге қалады. Олар жәй ғана бар, олар саған есікті қуана ашады, қол ұшын береді, бутербродымен бөліседі.***Өміріміздің белгілі бір кезеңінде осы кезеңге қажетті белгілі бір адамдарды жолықтырамыз. Таңқаларлық тартылыс күші, өзара тиімді құтқару. Белгілі бір уақытты бірге өткізіп, одан кейін міндетті түрде айырылысамыз. Себебі әр қайсысымызға ары қарай жүру керек, тағдырымыздың келесі жаңа кезеңіне кіруіміз керек. Неке жалқау адамдар үшін ойлап табылған. Оларға ары қарай жылжығанша, жарты жолда қалып қалу оңайырақ.***Інім, егер өткенің жібермей жатса, ол яғни әлі бітпеді (өтпе…

2
0
538