Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін елімізде алғаш рет Аналар күні ресми аталып өтуде

undefined

Фото: @qazaqstantv

Мамыр айының екінші жексенбісінде аталып өтуі тиіс Аналар күні отбасы институтын нығайту мен ана мәртебесін көтеруге бағытталған.

Үкімет бұл атаулы күнді өткен жылдың маусымында мерекелік күнтізбеге бекітіп, арнайы қаулыға қол қойылды.

0
0
450

Су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарының 55 мыңға жуығы үйіне оралды

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16.00-дегі ақпарат

Республика бойынша 54755 адам өз үйлеріне оралды. 5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде.

11134 тұрғын үй мен 3441 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,8 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн тоннадан астам инертті материал төселді.

t.me/qr_tjm

0
0
357

Дертті жандарға қамқорлықтың 80%-ы мейіргерлердің мойнында – ДСМ

12 мамыр - Халықаралық мейіргер күні.Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда медициналық ұйымдарда 190 мыңнан астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде ауылда - 54 мыңнан астамы жұмыс ісуде.Олардың денсаулық сақтау саласының бастапқы секторындағы рөлі баға жетпес: науқастарға барлық қамқорлықтың 80%-ы мейіргерлерге жүктеледі.Мейіргерлер, әсіресе ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндер, жаңа туған нәрестелерден бастап қарттарға күтім жасауға дейінгі медициналық көмектің толық спектрін қамтамасыз ете отырып, тұрғындардың денсаулығына үлкен жауапкершілік жүктейді.Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мейіргерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады."Мейіргерлер Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі ең көп кәсіби топтардың бірін құрайды. Уақыт талаптары…

0
0
287

Ертеңнен бастап Шымбұлақта аспалы жолдар жабылады

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдар уақытша жабылады.

undefined

Курорт өкілдері бұл туралы өткен айдың соңында ескерткен еді. Онда Шымбұлақтағы профилактика күндері мынадай уақыт аралықтарына белгіленген:

✅ 13 мамыр - 2 маусым аралығында «Медеу-Шымбұлақ» арқан жолы жабық болады
✅ 13-31 мамыр аралығында - «Комби-1» және «Комби-2» арқан жолдары жабық болады
✅ ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейді

12 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксимен көтерілуге болады. “Медеу-Шымбұлақ” автожолы дүйсенбіден сенбіге дейін 9:00-ге дейін және 18:00-ден кейін ашық болады. Жексенбі күні шектеусіз жұмыс істейді.

Туристердің жаяу жорықтарына шектеу жоқ.

0
0
2012

«Екеуміз екі жаққа ыдырадық» – Олжас Абай Қайрат Нұртаспен арадағы жағдайды айтты

Белгілі актер, әнші Олжас Абай эстрада жұлдызы Қайрат Нұртаспен арадағы жағдай туралы сұраққа жауап берді.Актердің айтуынша, ол әншімен әлі күнге дейін дос. Тек бұлар шығармашылық жағынан ажырап қалыпты.«Қайраттың өнерін біз бір-бірімізді білмей тұрған кезде де бағалайтынмын. Кейін бірге жүрдік, дос болдық. Осы әнді («Тау адам» – ред.) жарыққа шығардық. Тағы да бірнеше туындыларымыз болған. Мен кино саласында болғаннан кейін бір-бірімізден үзіліс жасадық. Өйткені эстрада жанры мені көптеген өзгерістерге алып келді. Ән айту, тез ақша келу, кету деген сияқты... Ал кинода тәртіп керек. Сол себепті екеуміз екі жаққа сәл ыдырадық. Мен өзімнің киноммен, актерлығыммен айналысып кеттім», – деді Олжас Абай DS'Show бағдарламасында. Ол оқыған мамандығы киноактер екенін айтты. Әншілік те өзіне жақын…

0
0
803

Атырау облысында Жайықтың су деңгейі күн санап көтеріліп жатыр

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді.

Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді. ҚР ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізуде.

Соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келуде. "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09-00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

Атырау - 538 см. Тәулігіне + 5 см.

Индербор ауданы 1033 см. Тәулігіне +7 см.

Махамбет ауданы 955 см. Тәулігіне +16 см.

Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бөкеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі артады деп күтілуде.

0
0
509

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Чехияның Прага және Острава қалаларында бастау алған хоккейден әлем чемпионатының бүгін екінші күні. Осы күні Қазақстан мен Франция құрамалары арасында матч өтіп, біздің хоккейшілер 3:1 есебімен жеңіске жетті.Қарсыластарымыз 2-минутта-ақ есеп ашып үлгерді. Шайба соққан – Энцо Кантагалло. Бірақ содан кейінгі 1 минутта біздікілер де есеп теңестірді. Бұл үшін Роман Старченкоға рахмет айту керек.8-минутта Максим Мұхаметов гол соғып, алға шықтық. Одан кейін командаларға сәл үзіліс берілді.Екінші кезеңде қазақстандық хоккейші Кирилл Савицкий үшінші шайбаны салды.Ал үшінші кезеңде 3:1 есебі сол күйі өзгермеді. Осылайша, Қазақстан хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.Ертең (сағат 15:20) Қазақстан Словакиямен ойнайды. Біздің хоккейшілердің одан кейінгі ойын кесте…

0
0
537

Әзербайжан мен Армения СІМ басшыларының Алматыдағы келіссөзі аяқталды

Бүгін Алматыда Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері Жейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян арасындағы келіссөз аяқталды.Дипломаттардың айтуынша, Алматы Достық үйінде өткен келіссөз екі мемлекет арасында бейбітшілік орнату туралы екіжақты келісім жобасын талқылауға көмектесті."Министрлер делимитация бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады", - делінген ресми хабарламада.Тараптар әлі де келісілмеген мәселелер бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті."Сапар барысында министрлер Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен жеке және екіжақты форматта кездесті", - делінген хабарламада.Екі мемлекеттің сыртқы істер ведомстволарының басшылары қазақстандық әріптесіне республика ұсынған келіссөз алаңы үшін алғысын біл…

0
0
468

Тәжікстанды сел мен топырақ көшкіні басты

Тәжікстан халқы да табиғат апатынан зардап шегіп жатыр.

undefined

"Бүкіл елде нөсер жауын салдарынан сел мен көшкін жүріп, өзендердегі су деңгейі көтерілуде. Құтқарушылар Кафирниган өзені тасыған кезде оның ортасында қалып қойған 4 адамды алып шыққан", - деп жазады @SputnikTj.

undefined

0
0
433

Жаңа Салық кодексі қабылданса, ол айыппұлға емес, көмекке бағытталмақ

Жаңа Салық кодексінің жобасында айыппұл санкцияларынан мемлекеттік қызметтер көрсетуге және проблемалардың алдын алуға баса назар аударылады.

undefined

Ондағы мақсат – Қазақстанда салық төлеуді ыңғайлы, жеңіл әрі жылдам жылдам ету. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіндегі кездесуде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір жаңа Салық кодексі дайындалып қойған.

"Қаржы министрлігінің өкілдері өңірлерге барып, бизнеспен кездесіп, ең өзекті тақырыптарды – ҚҚС төлеушілерді тіркеу, ҚҚС қайтару, тексеру іс-шараларын талқылауда. Камералдық бақылау, мәмілелерді жарамсыз деп тану, салық есептілігін тапсыру және бақылау іс – шаралары кезінде айыппұл санкциялары-осы процестердің барлығы қайта қаралатын болады", - деді Ержан Біржанов.

t.me/kgdmfrk

0
0
407