Мазмұнға өту

Жаңа

ШҚО-да 12,6 млн. теңге жалақы қарызы прокурорлардың араласуымен қайтарылды

Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ерекше назарында.Заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі - банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы берешектерін төлеу жөнінде үйлестіру шаралары болып табылады.Атап айтқанда, «Шығысстройгруп» ЖШС банкроттық басқарушысы 2 жылдан астам уақыт бойы 42 қызметкердің алдында 12,6 млн.теңге жалақы берешегін өтеу үшін өз мүлкін сату шараларын қабылдамаған.Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорынның бұрынғы басшысы банкроттық басқарушы және салық органдарымен жұмыс кездесуін өткізіп, құқықтық және әдістемелік көмек көрсетті.Дәйекті әрекеттердің нәтижесінде банкрот кәсіпорынның мүлкі сатылды. Қызметкерлер алдындағы жалақы қарызы толығымен өтелді. Облыс прокуратурасы азама…

0
0
339

"Мал!" Салтанат Нүкенованың әкесі Бишімбаевқа айғайлады

Марқұм Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов бүгін алғаш рет журналистер алдында сөйледі.

undefined

"Мен мына айуан өмір бойына түрмеге қамалады деп үміттенемін", - деді Нүкенов.

Ал судья мен алқа билер кеңесу бөлмесіне кеткен кезде ол айыпталушы Қуандық Бишімбаевқа қарата: "Мал, мал!" деп айғайлады.

Сондай-ақ бүгін судья Айжан Құлбаева алқа билерге арналған 13 сұрақты оқыды. Оның 10-ы Бишімбаевқа, үшеуі Бақытжан Байжановқа қатысты.

Сөйтіп, судья мен 10 алқа би тағы да кеңесу бөлмесіне кетті. Олар сол жерде өз шешімдерін айтады. Ал судья үкім оқылатын уақыт қосымша хабарланатынын жеткізді.

0
0
296

Бұл не болды сонда? (видео)

undefined

"Астананың Сарыарқа ауданында түсініксіз жағдай болды. Айбынды полицейлер бір әйелді қызметтік көлікпен аулаға алып келді де, түсіріп тастады. Ары қарай өз жөндерімен кете барды. ПД баспасөз қызметі бұған түсініктеме береді деген үміттеміз.
Таксопаркке тіркеліп, тапсырыстарды орындап жүрген шығар", - деп жазады @egovpress.

Ал әйел: "Мыналар мені ұрлап әкетті. Видеоға түсіріңдер!" деп айғайлап жерде отыр.

Ескерту: Видеода боғауыз сөздер бар!

0
0
339

Белгородта снаряд тиіп, опырылып түскен подъезд үйіндісінің астынан 13 адамның денесі шығарылды

Белгородта үйінді астында қалып қаза тапқан адамдардың саны 13-ке жетті.

undefined

Фото: © РИА Новости

Бұрынырақ облыс губернаторы Вячеслав Гладков көпқабатты үйдің қираған подъезіндегі құтқару ісі түнімен жүргізілетінін айтқан еді.

«Қаза тапқандардың тізімі құтқару жұмыстары біткеннен кейін ғана жарияланады. Ал жұмыс толық атқарылып болғанша жүргізіле береді», –  деді ол.

Белгород кеше жаппай атқыланған еді. Бұл шабуыл Украина тарапынан болды делініп жатыр.

Сол кездегі санрядтардың бірі көпқабатты тұрғын үйдің ортасына келіп тиген.

0
0
289

Шымкентте нан-тоқаш өнімдері жанып кетті (видео)

Шымкентте наубайхана отқа оранды.

Еңбекші ауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін бір қабатты цехта шатыр мен жабдықтар өртенді. Өрт сөндірушілер 1248 шаршы метр аудандағы өртті сөндіріп, өрттің ғимараттың 2500 шаршы метр бүкіл ауданына таралуына жол бермеді.

Өрт толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

t.me/qr_tjm

0
0
385

Қызылордада екі бала үшінші қабаттың балконынан құлап кетті

Қызылордада алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттағы балконнан құлап кетті.

ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, олар сол сәтте ересектердің қарауынсыз қалған.

Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиғаның басқа мән-жайы айтылмайды.

ТЖМ мына жайттарды еске салып отыр:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

0
0
549

Қазақ қызы тарихта тұңғыш рет әлемнің ең биік шыңы Эверестті бағындырды

undefined

Анар Бурашова теңіз деңгейінен 8 848 метр биіктікте орналасқан шыңға бес тәулік бойы өрмелеген. Оған атақты альпинист Мақсұт Жұмаев жолсерік болыпты.

undefined

«Kazakh Everest Team» командасы әлемнің ең биік нүктесінде еліміздің көк туын желбіретті. Енді қайтадан төмен түсу үшін альпинистер тынығып жатыр екен. Күш-қуатын жинап, әл-дәрменін қалпына келтіргесін ақырындап төмен ылдилайды. Эверестке шығу да түсу де қиын әрі қауіпті. Соған қарамастан Мақсұт Жұмаев осы шыңды үшінші рет бағындырып отыр.

Диас Нұрақынның жазбасы

0
0
868

ӘЧ-2024: Қазақстан Словакиядан жеңіліп қалды

Чехияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында бүгін Қазақстан Словакия құрамасымен ойнады.

undefined

Бұл жолы ойсырата жеңілдік. Есеп Словакияның пайдасына 6:2 болды.

Гол соққандар:
1:0 - Поспишил (Немец, Слафковски) - 11:54
2:0 - Фашко-Рудаш (Кох, Сукель) - 12:28
3:0 - Сукель (Фашко-Рудаш, Гайдош) - 17:56
3:1 - Әсетов (Данияр, Мұхаметов) - 23:02
4:1 - Гудачек - 28:28 Буллит
5:1 - Поспишил (Гудачек) - 41:18
6:1 - Цингель (Гудачек) - 45:06
6:2 - Өмірбеков (Михайлис, Данияр) - 51:05

Айта кетейік, кеше біздің хоккейшілер Франция құрамасын 3:1 есебімен жеңген болатын.
Қазақстан келесі ойынды 14 мамырда Латвия құрамасымен өткізеді. Матч сағат 19:20-да басталады.

0
0
593

Қазақстан мен Өзбекстан Дарбаза – Мақтаарал темір жолын бірлесіп салуға келісті

Осы тұрғыда екі ел арасындағы Жол картасына қол қойылды. Қазақстан және Өзбекстан Көлік министрлері Марат Қарабаев пен Илхом Махкамовтың кездесуі барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және әріптестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, көлік инфрақұрылымын салу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.Атап айтқанда, бүгінгі таңда "Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы" жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру екі ел арасындағы жүк өткізу қабілетін тағы 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.Автотасымалдар саласындағы ынтымақтастық туралы айта келе, елдер арасындағы автотасымалдар Үкіметаралық келісім негізінде…

0
0
401