Жаңа Салық кодексі қабылданса, ол айыппұлға емес, көмекке бағытталмақ
Жаңа Салық кодексінің жобасында айыппұл санкцияларынан мемлекеттік қызметтер көрсетуге және проблемалардың алдын алуға баса назар аударылады.

Ондағы мақсат – Қазақстанда салық төлеуді ыңғайлы, жеңіл әрі жылдам жылдам ету. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіндегі кездесуде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір жаңа Салық кодексі дайындалып қойған.
"Қаржы министрлігінің өкілдері өңірлерге барып, бизнеспен кездесіп, ең өзекті тақырыптарды – ҚҚС төлеушілерді тіркеу, ҚҚС қайтару, тексеру іс-шараларын талқылауда. Камералдық бақылау, мәмілелерді жарамсыз деп тану, салық есептілігін тапсыру және бақылау іс – шаралары кезінде айыппұл санкциялары-осы процестердің барлығы қайта қаралатын болады", - деді Ержан Біржанов.
t.me/kgdmfrk
